ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері ардагер Бәйтіков Абдрахман атаның шаңырағына барып, мерекесімен құттықтап қайтты. Қарт жауынгер 1942 жылы Курск шайқасында болып, жойқын соғыстың сұмдық көріністеріне куә болады. 1943 жылы қолынан жараланып, елге оралған. Содан бері міне, отбасын құрып, бейбіт күннің арқасында өмірлік серігі Кеңескүл апай екеуі алты ұл, төрт қыз тәрбиелеп, көлеңкесін кеңге жайған, мәуелі жеміс ағашындай, өсіп өніп келеді. 98 жасқа келген абыз ақсақалдан естіген әңгімеден рухани жан азық алып қайтқан қызметкерлер батыр бабаның батасына кенелді. Ардагеріміз де, бұл сала қызметкерлеріне бала жүректі қарияның көңілін аулап, елеп-ескергені үшін алғысын айтты.