12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлттық салт дәстүріміз жаңғыратын мереке!

Елімізде жыл өткен сайын ұлттық мереке Әз-наурыздың мәртебесі артып келеді. Соның айғағы бүгінгі күні наурыз мерекесі көпұлтты Қазақстанның ең басты және сүйікті мерекелерінің біріне айналып отыр. Еліміздегі жүзден астам ұлт өкілі наурыз мерекесін бір атаның балаларындай тойлап, наурыз көжеден дәм татуы дәстүрге енді. Жалпы басқа басқа бұл мерекенің жөні бөлек. Шығыс халықтарының ортақ ұлттық мерекесі табиғатпен де үндес.


Табиғаттың жаңаруының, қыстан қысылып шыққан халықтың босаңсып, табиғат анамен бірге еңсесі көтерілуімен тұспа тұс келетін мереке достықтың, түрлі ұлт өкілдері арасындағы келісім мен өзара түсіністіктің нышанына айналып отыр. Халқымыздың бұл мерекені ежелден бері жарқын жасампаздықтың бейнесі мен жыл басы ретінде ерекше құрметпен қарсы алуы кездейсоқтық емес. Өйткені жаңа жылды біз әрқашан жақсы үмітпен, жаңа жоспарлармен, ең ардақты тілектердің орындалуымен байланыстырамыз. Сондықтан барша халық ертеңінен үміт етіп тілек тілеп, салт дәстүрлерді де осы мерекеде жаңғыртады.


1988 жылдан бастап елімізде қайтадан тойлана бастаған Наурыз мерекесі бүгінде кең көлемде аталып өтуде. Кейбір өңірлерімізде ай бойына тойланып, халықтың ұлттық мерекемізге деген ықыласы ерекше екенін байқап жүрміз. Өйткені наурыз біздің ғана емес жалпы Шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Бүгінгі күні қайтадан сол бет бейнесін табуда. Бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам жоқ. Жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер де осы мерекеде көрініс табады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне орай, «Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады» деуі бекер емес. Шын мәнінде бұл мереке осы деңгейге көтеріліп отыр.


Осыдан бірнеше жыл бұрын «Ұлттық жаңғыру – Ұлыстың ұлы күнінен басталуы тиіс» деген де пікірлер де айтылып қалған еді. Шын мәнінде бұл ұлттық мерекенің қадір қасиетін арттырамыз десек қай жағынан болмасын ыңғайлы. Сондықтан әлі де болса халқымыздың ұлттық мерекесіне ұлттық мазмұн беруден ұтпасақ ұтылмаймыз. Мәселен бұл ұлттық мерекені балалардың да сезінуіне жағдай жасап, олардың көз қуанышына айналдырып, оқушылардың үшінші тоқсандық демалысын наурыз мерекесіне үйлестіру, Наурыздың атрибуттық белгісі, эмблемасы һәм символикасын бекіту, осы мейрам аясында тал егу, көрісу, т.б құндылықтарды дәріптеу, мерекені заманауи ұлттық киімдермен қарсы алу секілді ұсыныстардың маңызы зор. Ұлттық мерекенің ұлттың өмір сүру қалпынан, тыныс тіршілігінен хабар беретіндей үйлесуі расында да керемет болары анық. Сондықтан ұлттық мерекемізді заманға сай жаңғыртудың маңызы зор!


Сериков Ержан Абдикаримович, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...