Ұлттық қор төлемі: баланың есепшотынан ақшаны кім және қашан ала алады?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа жаңа төлем бастамасы бойынша ата-ана баласының болашақ қаржысын басқара ала ма деген сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл қаражат, яғни Ұлттық қордан түсетін инвестициялық кірістің 50 пайызы баланың меншігінде болады. 18 жасқа, кәмелетке толған жігіт немесе қыз бұл қаражатты пайдаланып, білім алуға немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға бағыттай алады. Сондықтан, бұл жерде ата-ана туралы әңгіме жоқ», — деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, министр бала туған кезде балаларға арналған шот автоматты түрде ашылатынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта тиісті органдармен бірлесе отырып, оның механизмі талқыланып жатыр, бірақ шот бала туған кезде автоматты түрде ашылады. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматы саналатын балаларға автоматты түрде есепшот ашылады, тікелей тиісті база бар – ол Әділет министрлігі базасынан түседі. Сонымен қатар, балалардың есепшотына салық салу жоспарланбайды», — деп түсіндірді ол.

Қуантыров бала кәмелетке толғанға дейін тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырса құқығы шектеле ме деген сұраққа да жауап берді.

«Азамат тұрақты тұруға көшсе де, бірақ азаматтығын 18 жасқа дейін сақтаса, онда ол бұл қаражатты пайдалана алады», — деп түсіндірді министр.

Әдеп басы — тіл

Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде тек қана...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баласының қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Отандық соттағы ЖИ: ізденістер мен ілкімді істер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрлық даму және...