«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелерінің жалақысы артады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қамтылуын жақсартуға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, саладағы ең өзекті мәселелердің бірі – мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті. «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдарының лауазымдық жалақыларына 1,75 коэффициенті түрінде қосымша ақылар мен үстемеақылар әзірлеу қажет», — деді Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен концертмейстерлерінің жалақы мөлшеріне де назар аудару қажет.

«Бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын. Осы күндері мен кездестірген көптеген оқытушылар, тіпті ең қиын 90-шы жылдары да өз мамандықтарын тастамаған. Солардың арқасында мәдениет пен өнерде ұрпақтар үзілісі болған жоқ», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.