Ұлттық банк сәуірде теңгенің неліктен нығайғанын түсіндірді

Сәуір айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы жаһандық қаржы нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан 1 доллар үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәуір айында шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай төмендегені байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,9 млрд АҚШ дорллары болған кезде сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін төмендеді.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, «валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олар ішкі валюта нарығында шамамен 253,2 млн АҚШ доллары болды».

Сәуір айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату 168,3 млн АҚШ доллар болды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-ы болды.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Банк өкілдері атап өткендей, «ішкі валюта нарығында ахуалдың тұрақтануы аясында Ұлттық банк сәуірде валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын жүргізген жоқ».

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Ұлттық банк «теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастыратынын» атап өтті.Елімізде теңгелік жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер артады

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...