12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұлттар арасындағы татулықты арттыру үшін не істеуіміз керек?

Елімізде 100-ден астам ұлттың тату тәтті бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқаны қуантпай қоймайды. Дегенмен кейде ұлттар арасында қылаң беріп қалатын қақтығыстар көңілге кірбің ұялатады. Осы орайда ұлттар арасындағы татулықты арттыру үшін не істеуіміз керек деген сауалға жауап іздеп көрген едік.

Асылы Осман, қоғам қайраткері:

  • Елбасымыз Ассамблеяны құрып, барлық Қазақстан тұрғындарына теңдік берді. Сондықтан ұлттар арасында ең алдымен сыйластық, түсіністік болуы керек. Ол үшін жергілікті ұлттың тілін, әдебиетін, тарихын білу қажет. Елімізде барлық ұлттардың мәдени орталығы бар. Сол орталықтар арқылы олар өздерінің тілін, мәдениетін жоғалтпай, керсінше байытып жатқандықтан соған мүмкіндік тудырып отырған елін де ұмытпай, қазақтың барлық ұстанымдарына сай болуы керек қой.

Ең алдымен қазақ тілін білу керек. Өйткені сыйластық, құрмет ортақ түсіністік тіл арқылы қалыптасады. Тілін білсе қазақтың болмысын да ұғынар еді. Өкінішке қарай қазір көбісі қазақтың тілін білмейді. Өзіңнің ана тіліңе еркіндік беріп отырғандықтан, қазақ тіліне де құрметпен қарау керек қой. Жердің, тілдің иесі, топырақтың киесі ретінде қазақтың тілін, мәдениетін, салт дәстүрін ұғынуы керек. Ондай түсіністік, сыйластық болмаса татулық та болмайды. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Елбасымыз «қазақтың тілі еліміздегі барша халықты ұйыстырушы тіл болуы керек» деген болатын. Тілді білуге ниет керек. Ниет болса тілді үйрену қиын емес. Бірақ қоғамда тілдің қажеттілігін арттыру керек. Сұраныс болмаса, ешкім талап қоймаса тілді қалай үйренеді? Негізі Қазақстандағы барша ұлттың түсінісетін, өзара араласатын тілі ортақ қазақ тілі болса, бұл ұлттар арасындағы татулықтың сақталуына айтарлықтай әсер етер еді. Ана тілі әркімге өзі үшін керек, ал мемлекеттік тілдің ұйыстырушы фактор ретінде рөлін көтеруіміз керек. Тілді мәжбүрлеп те үйретуге болмайды. «Зорлап қосқан тазы түлкі алмайды» дейді ғой. Тек талап ету керек. Қажеттілік пен сұранысты арттырып, кез келген қызметкерден жұмысқа тұрар алдында мемлекеттік тіл сұралуы керек. Қазақстанның ауасын жұтып, қазақтың жерінің суын ішіп жүрген соң, қазақ тілін де білуі керек. Мен қазақтың тілін білем, қазақ тілі арқылы жан дүниесін ұғамын, ұлтты қадірлеймін, қастерлеймін. Сол секілді қазақтың тілін білген адамның еріксіз ұлтқа деген қадірі артады.

Рас, ұлтаралық қақтығыстар кезінде басқа ұлттардың балаларын қазақ мектебіне бергісі келмейтіні, әскерге балаларын жібермеуге тырысатыны айтылып жатты. Бірақ олардың ішкі ісіне араласудың қажеті жоқ. Бар болғаны Ата заңда бар нәрселерді ғана талап етуіміз керек. Кез келген мәселені заңдық тұрғыдан айқындап алып, заңдық тұрғыдан ғана сұрауымыз керек. Бірақ қайталап айтам, тіл ортақ болмай, қоғам бір арнаға топтаспайды. Соны ұмытпауымыз керек. Ұлтты ұйытып, татулығын сақтаймыз десек құндылықтар ортақ болуы қажет.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

  • Керемет саяси ұстанымдардың өзі тарихи дамумен уақыт өте жаңартуды талап етеді.

Сол секілді елдегі ұлтаралық татулықты одан әрмен нығайту үшін қазіргі таңда шекаралық аймақтар мен   өңірлерде мемлекеттілікті, Қазақстандық патриотизмді насихаттайтын ұзақ мерзімді саясат қажет. Өңірлермен кешенді жұмыс істеп, жергілікті мәселелерді ушықтырмай алдын-ала шешуді күшейткен абзал. Сонымен бірге Қазақстанда ұлтаралық тіл қазақ тілі болмай елдің келешегі де бұлыңғыр екені анық. Алдағы уақытта мемлекетімізде ең болмағанда балабақшаларды толық қазақ тіліне көшіретін, мұны рет-ретімен іске асыратын жолға түсуіміз керек. Бұл уақыт талабы. Өзге ұлттардың өз салты мен тілін дамытуына кедергі келтірмей, бірақ Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді білуі қалыпты жағдай болатын деңгейге шығуымыз қажет. Қоғам мемлекет құрушы ұлттың тілінде еркін түсінісіп жатса ұлтаралық татулық пен бірлік те арта түседі. Тіл елді біріктіруші ең үлкен фактор екені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

Тұрақтылықты сақтай отырып, бұл саясатты іске қосу ел болып, немесе болмауымызды білдіретін көрсеткіш. Мұның бәрі ұр да жық жолмен емес, прагматикалық ұстаныммен іске асыратын өте нәзік дүниелер.

Қалдыбай Дүйсембаев

[ratings]

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...