12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

LRT Қосшыға дейін созылады

LRT-ның келесі желісі Қосшы бағытымен өтеді. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала басшысының айтуынша, күн сайын Қосшыдан елордаға 15-20 мыңға дейін көлік келеді, бұл қала жолдарына айтарлықтай ауыртпалық түсіреді.

«Қосшы қарқынды дамып келеді, ол — Астанаға көмектесіп отырған ірі серіктес қала. Сондықтан Қосшы мен Астана арасында белсенді қатынас бар, келесі кезеңді осы бағытта салуды жоспарлап отырмыз», — деді әкім.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, бұл — жобаның екінші кезеңінің бір ғана тармағы. Қосшыға апаратын бағытты бір жарым жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Утильалым өсімі: Көлік бағасы қалай өзгереді?

Қазақстанда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерлемелерін 14,6 еседен 38,8 есеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...