Үлкен Алматы жағалауындағы қоқыс мәселесі қалай шешіледі?

Алматы әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде Бостандық ауданының тұрғыны Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Бақытжан Сағынтаев Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру  бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бостандық ауданы тұрғыны әкімге соңғы уақытта Үлкен Алматы маңындағы алаңда спортпен белсенді айналыса бастағанын айтты. Ер адам өзен арнасының қатты ластанғанын айтты.

«Суда тастар, құм және сынған ағаш бұтақтары жатады. Өкінішке қарай, тұрғындар да тұрмыстық қалдықтарды өзенге тастайды. Бұл мәселе шешімі қандай және қандай жоспарлар қарастырылғанын білгім келеді? Онда жаяу жүргіншілер аймағын жасау жоспарланған ба, жарықтандыру жұмыстары жасала ма?» — деп сұрады алматылық.

Қала әкімі Үлкен Алматы және Есентай өзені арналарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, абаттандыру мәселесі бойынша азаматтар сұрағына жауап берді.

«Биыл жаяу жүргіншілер аймағын тазарту, дуалдар мен қоршауларды жөндеу, әл-Фарабиден Сайранға дейін серуендеу аймағын жарықтандыру жобасын жасауды жоспарлап отырмыз.

Қазіргі уақытта селден қорғау бөгетінен Сайран көліне дейінгі аралыққа жаңа жоба әзірленіп жатыр. Осы арқылы Тұңғыш Президент саябағы мен Сайран көлін өзара байланыстыра отырып, жасыл дәлізді қалпына келтіруге мүмкіндік болады», — деді қала әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада жаппай тұрғын үй кешендерін салуға қатысты, кәсіпкерлерге мектептер мен балабақша салуды міндеттеу және «Алтын орда» маңындағы жолайрық мәселесі бойынша тұрғындар сауалына жауап берген еді.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...