Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы атанды

Қазақстандық гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайлау федерацияның есеп беру-сайлау конференциясы кезінде өтті.

«Бұл мен үшін және көптеген адам үшін күтпеген жағдай болды деп ойлаймын. Мен үшін бұл тағайындау — жаңа міндет, жұмыстағы жаңа кезең, ол қазір істеп жатқанымнан да қызық болады. Ақтоты Рахметоллақызы бастаған Мәдениет және спорт министрлігіне, сондай-ақ он жыл бойы атқарған жұмысы үшін Үміт Болатханқызына алғыс айтамын.

Сондай-ақ, мен бас бапкер ретінде қызметімді жалғастырамын, өйткені менің жаңа тағайындауым — қоғамдық лауазым. Мен екеуін бірге алып жүре аламын. Бәрінікіндей менің де мақсатым біреу — спортты дамыту және елге нәтиже беру. Басында оңай болмайтынын түсінемін, бірақ менің тәжірибем, білімім мен күш-жігерім, сондай-ақ федерация мүшелерімен бірлесіп атқаратын жұмысымыз көптеген міндетті барынша шешеді. Біз бірге федерацияға кіретін әрбір спорт түрін дамыту және танымал ету үшін жұмыс істейміз», — деді Юсупова.

Оған дейін бұл қызметті Үміт Шаяхметова атқарған еді.

Фото: Қазақстанның ҰОК баспасөз қызметі

Әлия Юсупова 1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Афинада (2004) және Бейжіңде (2008) жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2000-2009 жылдары Қазақстанның абсолют чемпионы болған. Азияның бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының вице-чемпионы.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...