ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ ҚАЙТА ЕНГІЗУ САПАНЫ КӨТЕРМЕЙДІ

Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне лицензиялау енгізу туралы ұсынысын орынсыз деп санайды. Алматыда арнайы баспасөз брифингін өткізген қауымдастық өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлерде дәлелді негіздемелер бар. Олар 12 жылдан астам уақыт ішінде қауымдастықтағы 2 817 балабақшаның жұмыс тәжірибесіне негізделе отырып әзірленді.

Бұл жұмыс істеп тұрған жекеменшік балабақшалардың (4973 бірлік) 43%-ын құрайды. Жекеменшік балабақшалар мектепке дейінгі қызметтердің сапасын қамтамасыз ету механизмдерінің қажеттігімен келіседі. Алайда, лицензиялауды қайта енгізу сапа механизмі бола алмайды. Ол тек шағын және орта бизнес субъектілері үшін қосымша кедергілер тудырады. Қауымдастық құрылтайшысы, «INTELLECity» жекеменшік балабақшасының директоры Маржан Ахмеджанованың сөзіне қарағанда, лицензия – белгілі бір қызметпен айналысуға рұқсат алып нарыққа кіру. Ал ондағы қатысушыларды қайтадан лицензиялауға ешқандай қажеттілік жоқ.

Егер министрлік өзінікін ғана жөн санайтын болса, бұл 2010 жылдан бері осы салаға салынған кәсіпкерлердің 280 млрд теңгеден астам қаржысына ғана қауіп төндірмейді, елдегі әлеуметтік жағдайға да өз әсерін тигізеді. – 2008–2009 жылдары елдегі балабақшалардың жартысына жуығы көлеңкеде жұмыс істеді. 2013–2014 жылдары лицензиялау алынып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау бағдарламасы қабылданған соң бұл көрсеткіш 13 % төмендеді. Енді қайтадан лицензиялау енгізілсе көлеңкедегі балабақша саны күрт өсетініне сенімдіміз, – дейді қауымдастықтың Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Любовь Айтхожина.

Роза САДЫҚОВА, Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы төрайымы:

– Мектепке дейінгі ұйымның міндеті – ол мемлекеттік болсын, мейлі жекеменшік болсын ең бірінші баланың өмірі мен денсаулығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінгі күнде көтеріліп жатқан өзекті мәселенің бірі – мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымдарын лицензиялау болып отыр. Лицензиялау – ол өз ісіңді ашуға мемлекеттік органнан рұқсат алу туралы заңды құжат. Менің пікірімше өз жұмысын бастағалы жатқан кәсіпкердің құқығын заңды түрде қорғау деп білемін. Лицензияланған жекеменшік балабақшалардың өз жұмысын дамыту үшін қоғамдық маңызы бар ірі жобаларға қатысуға мүмкіншіліктері артады. Яғни, әлеуеттерін тиімді пайдалану олар үшін дамуға үлкен мүмкіндік береді. Жаңа кіріс көздерін тартуға, бизнесті дамытуға, ірі жобаларға қатысуға үлкен мүмкіншілік бар. Әрине, лицензия алу үшін нормативті құжаттарды дайындап, интернет порталына тіркеп ұсыну қажет. Жекеменшік балабақшаларда санитарлық нормалар, бөлмелердің ауданы, санына белгілі талап қойылады. Білім беру мекемесіндегі барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы санитарлық-эпидемиологиялық станция мен өрт сөндірушілердің қорытындысы, мекеменің барлық қажетті материалдық техникалық базасы және оқу-әдістемелік құжаттардың болуы, білім беру бағдарламаларының толық болуы қажет. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, еш бақылауда болмайтын, құрамында 5-6 баласы бар, ешқандай салық төлемейтін көлеңкелі балабақшалар ірі қалаларда әртүрлі үйлерде ашылып, ешқандай құжатсыз жұмыс жасап жатыр. Міне, осындай балабақшалардағы жұмыс жүйесі қандай нәтиже бермек. Сол мақсатта жекеменшік балабақшаларды лицензиялау дұрыс. Егер жекеменшік балабақшада заңды лицензиялық құжаттар болған жағдайда ол мекеме баланың болашағы мен қауіпсіздігіне, біліміне немқұрайлы қарамайды. Көп жекеменшік балабақшалар тек қаржы жағын ойлап жалға алу, дотация төңірегін шешумен шектеледі.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

127 мың талапкер, 75 мың грант: Биылғы конкурс қалай өтеді?

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қай санатта?

Өзін-өзі жұмыспен қам­тыған адам – жаңа Салық кодексіндегі экономикалық белсенді азамат­тардың жаңа санаты. Оған дербес қызмет көрсететін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жұмыс істейтін, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және салық заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар жатады.

Мемлекет басшысы бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады 

Қазақстанның бірнеше елдегі дипломатиялық корпусында кадрлық өзгеріс болды. Президент жаңа елшілерді тағайындап, бірқатар дипломатты қызметінен босатты.

Үкімет Алакөлде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді 

Мамандардың айтуынша, жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи қозғалысы мен қайта бөліну процесін сақтауға мүмкіндік береді.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды.