ЛГБТ насихатына тыйым: Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Құжатта ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты нормалар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетейік, заң бұған дейін Мәжіліс қабылдаған.

Бұл құжат цифрлық архивті қалыптастырудың құқықтық негіздерін айқындап, Ұлттық архив қорының құрамын және ұғымдық аппаратын заман талабына, оның ішінде цифрландыру үдерістеріне сәйкес кеңейтеді. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерде еңбек ететін архив қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібінің заңдылығын бекітеді. Бұған қоса архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру құқығы айқындалып, өскелең ұрпақты дәстүрлі емес сексуалды қатынастарды насихаттаудан қорғау тетіктері енгізілді, – деп атап өтті сенатор Амангелді Есбай.

Сонымен қатар депутат заң бірыңғай электрондық архивті қалыптастыруға, құжаттарды электрондық форматқа көшіруге және салалық ұғымдарды кеңейтуге мүмкіндік береді деп отыр.

Заңдағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебенің берілуі. Бұл қадам тарихи әрі мәдени құндылықтарды сақтау тетіктерін жетілдіруге, архив мекемелерінің материалдық-техникалық әлеуетін күшейтуге, сондай-ақ олардың қоғамдағы рөлі мен салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауды шектеуге бағытталған нормалар жас ұрпақты қоғамға жат құбылыстардан қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және адамгершілік-рухани тәрбиені қамтамасыз етуге жағдай жасайды, – дейді депутат.

Жалпылай алғанда, енгізіліп отырған түзетулер архив саласы мен құжат айналымын басқарудың қолданыстағы жүйесін жаңартуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды күшейтуге әрі халықаралық стандарттарға бейімдеуге бағытталып отыр.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...