12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ САУАТТЫ ПАЙДАЛАНУ СОТ СЕРГЕЛДЕҢІНЕН ҚҰТҚАРАДЫ

Бүгінгідей дамыған заманда кез келген адам блогер бола алады. Әлеуметтік желіде ақпарат тарату арқылы ол толыққанды БАҚ-қа айналады. Ел алдында жүрген, көпшілік іздейтін блогер болған жақсы. Бірақ көп адам әлеуметтік желіні сауатты пайдалануды білмейді. Сол себепті, сотта ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар саны артты. Осыған байланысты көпшілікке бірнеше ұсыныс айтқым келеді.

Сотта бір мезгілде үш шарт болған жағдайда жауапкершілік туындайды. Олар: мәліметтерді тарату фактісі, олардағы қатігездік сипаты және шындыққа сәйкес келмеуі. Мұндай жағдайда ақпараттың шындыққа сәйкес келетінін немесе шындыққа жанаспайтынын ақпаратты таратушы дәлелдеу керек. Бұған қатысты келесідей мысал келтіруге болады. Құрылыс компаниясы ауруханаға жақын жерден құрылыс жұмыстарын бастаған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары құрылыстың заңсыз екендігін айтып сотқа арыз түсірді, бірақ сот шешімі оны заңды деп таныды. Соған қарамастан тұрғындар арасынан бір белсенді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында компания қызметіне қатысты сын жариялады. Ол, «Ұятсыз, дөрекі, өз істерінің дұрыстығына сенімді», «Бұл құрылысшылар емес, бұл ұйымдасқан қылмыстық топ», «Олардың әдістері: қорқыту, бопсалау, қорлау, пара беру, өтірік айту, жерді басып алу, билік өкілдеріне қысым жасау» және т.б. сөздер жазылған. Сот шешімімен құрылыстың заңдылығы дәлелденгеннен кейін, құрылыс компаниясы ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін көрсетіп ол адамды сотқа берді. Бұл жағдайда компания: 1) мәліметтерді тарату фактісін дәлелдеді; 2) құрылыстың заңдылығы туралы соттың шешімін, рұқсаты барлығы туралы сертификаттар, жауапкершіліктің ешбір түріне тартылмағаны туралы жарияланымның дәлелдерін жоққа шығаратын құжаттарды ұсынды, тиісінше жарияланымның дәлелдері шындыққа сәйкес келмеді. 3) ақпарат таратушының мәлімдемелері олардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін растайтын маман-филологтың қорытындысын ұсынды. Барлық үш құрамдас бөліктің болуына байланысты сот шешімімен жауапкер таратқан мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді деп танылды және оған интернет-ресурстарда бұл мәліметтерді теріске шығару міндеті жүктелді. Бұл жағдай ақпарат берушінің жазбалары дөрекі, мәліметті тексермей бергендігін көрсетеді. Екінші мәселе, азаматшаның ірі жеке компанияны жемқор деп айыптауымен байланысты. Сол үшін де этика нормаларын ұмытпайық. Журналистерде де этика кодексі бар. Бұл жағдайда олар «БАҚ туралы » заңды басшылыққа алады. Сотта жауапкер болып, моральдық залал өтемеу үшін осы заңмен танысып шыққан құба-құп. Постты дұрыс жазу керек. Өткір шабуылдар, қорлау және балағат сөздер жазуға болмайды. Бұл комментарийлерге де қатысты. Мұндай өрескел қате, орынсыз сөз көбіне комментарийлерде орын алады. Сондықтан мен әрқашан әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас ережелерін есте сақтауды ұсынамын. Жалпы, өз материалыңызда ұсынған ақпараттың дұрыстығын тексеруді ұмытпаған жөн. Оны фактчекинг деп атайды. Бұл оқырмандарды адастырмау үшін қажет, өйткені ол үшін де жауапкершілік бар. Жоғарыда айтқанымдай, соттар желіде кең таралған ақпараттың шындыққа сәйкес келетіндігін тексереді. Бұл жағдай керісінше болуы да мүмкін. Мысалы, азамат массаж алуға барып, нәтижесінде жарақат алып қалды. Ол осы орталықтың массажистерін білікті емес деп әлеуметтік желіде пост жариялады. Бұл дәлелді тексеру кезінде массаж орталығы сертификат бере алмады, сондықтан посттың дәлелдері массаж орталығының осы азаматқа деген талабын қанағаттандырудан бас тартты. Іс сотқа жеткен жағдайда кейбіреулер постты өшіріп тастайды. Ондай сәттерде сараптама жойылған ақпаратты қалпына келтіруге мүмкіндік беретінін ескерткім келеді. Мұндай жағдай сот тәжірибесінде болған. Сонымен қатар, талапкер теріс жарияланымның болуы мен мазмұнын жазатын дәлелдемелерді нотариус арқылы қамтамасыз ете алады. Бұл ретте нотариусқа сотқа талап арыз бергенге дейін жүгіну керек, заңда солай реттелген. Сондай-ақ, біреудің бейнесін келісімсіз пайдалануға жол берілмейді. Мұндай даулар да сотқа түседі. Осыған байланысты Азаматтық кодексте 145бап бар. Онда адамның бейнесін оның келісімінсіз, ал қайтыс болған жағдайда мұрагерлердің келісімінсіз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ делінген. Мұндай істер бойынша сот практикасы бір мәнді емес, өйткені әрбір іс заңдағы ерекшеліктерге байланысты жеке көзқарасты талап етеді. Кейбір жағдайларда соттар бұл талаптарды қабылдаса, кей жағдайда қабылдамайды. Бірақ соттағы жанжалдар ешқашан жағымды эмоция әкелмейді, әдетте олар ертең сотта жауапкер болып қалмас үшін шиеленісті жағдайда өтеді. Сондықтан заң талаптарын орындаған дұрыс. Осыған байланысты мен адамның суретін әлеуметтік желіге салмас бұрын оның рұқсатын сұрауды ұсынамын.

Динара ҚҰЙҚАБАЕВА,
Алматы қаласы
Медеу аудандық сотының
судьясы

Бұл жеке шекараларды құрметтеу және сақтаудың белгісі. Жеке шекаралар туралы айтқанда тағы бір жағдайды атап өткім келеді. Блогер өз жазбасында талапкердің жеке мәліметтерін, мысалы, аты-жөні, ЖСН нөмірі және үй мекенжайын таратты деп сотқа шағым түсті. Ал сот бұған дейін талапкердің бұл деректерді өзі интернет желісінде ашық түрде жариялағанын анықтады. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңның 6-бабының негізінде мұндай деректер жалпыға қолжетімді болып табылады, сондықтан бұл блогерге талап қоюдан бас тартылды. Осы орайда екі қазақ қызы арасындағы дауды атап өтпесем болмас. Конституция жеке хат алмасудың құпиясына кепілдік береді, бірақ бұл талаптарды бұза отырып, достардың бірі әлеуметтік желіде екіншісімен жазған хат алмасуды жариялады. Бұл жағдай сотқа жүгінуге әкелді. Сондықтан жеке хат-хабарларды көпшілікке жариялап, жазбаға пайдаланған кезде де абай болуға кеңес беремін. Менің мақалам сот практикасына шолу немесе бұрын шығарылған шешімдерді бағалау емес. Бұл қарапайым азаматтарға сот процестерінің жағымсыз салдарынан аулақ болу және қоғамдағы жанжалды азайту үшін жазылған. Әлеуметтік желілерді сауатты және дұрыс пайдалану ережелерін сақтасақ, сот пен жүйке жүйесін құртатын мәселелерден аулақ болатын едік.

Динара ҚҰЙҚАБАЕВА,
Алматы қаласы
Медеу аудандық сотының
судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...