12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әлемнің ең жас саясаткерлері кімдер?

Алматылық 25 жастағы Мәди Ахметов Мәжілістің ең жас депутаты атанғаны сол еді, әлеуметтік желілерде қазақстандықтар оның тым жас екенін айтып, сынға алды. Дегенмен ол Қазақстан тарихындағы ең жас депутат атанғанымен, мұндай тәжірибе әлем елдерінің саяси сахнасында бұрыннан бар екен. Ендеше Zanmedia.kz назарларыңызға әлемдегі ең жас саясаткерлерді ұсынады. 

Мади Ахметов, Мәжіліс депутаты, 25 жаста

Мәди Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика факультеті бойынша аяқтаған. Мәжіліс депутаты лауазымына тағайындалғанға дейін ерікті болған, «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы лауазымында жұмыс істеген.

Джордон Стил-Джон, Австралия Сенатының депутаты, 26 жаста

2017 жылы Австралия Жасылдар партиясының сенаторы Скотт Лудлам қызметінен кеткенде орнына 22 жастағы партияласы Джордон келген. Сол кезде ол ел тарихындағы ең жас сенатор атанған. Джордон 2019 жылы тағы бір сайлауға қатысып, Сенатқа жаңадан мүше болған.

Ванесса Д.Амбросио, Сан Марино басшысы, 32 жаста

Ванесса Д.Амбросио 29 жасында жер аумағы 61 шаршы шақырым Сан Марино республикасының билігін ұстаған. Сан-Марино – әлемдегі ең шағын елдердің бірі. Италияның солтүстік-шығысында орналасқан. Халық саны 33 мың. Бұл елдегі билік жүйесі өзгеше. Ел билігінің тізгіні екі депутатқа жүктеледі әрі алты айда бір рет ауыстырылып отырады. Соның бірі Ванесса Д.Амбросио әлемдегі ең жас көшбасшы әйел саналады.

Мари Блэк, 26 жаста

Ұлыбритания Қауымдар палатасына (парламенттің төменгі палатасы) Шотланд ұлттық партиясынан атынан мүше. 2015 жылы 20 жастағы Блэк сайлауда бұрынғы Ұлыбритания халықаралық даму министрі Дуглас Александерді жеңіп, ағылшын парламентіне сайланды. Қауымдар палатасындағы ең жас депутат сол кезде Глазго университетінің төртінші курсында оқып жүрген еді. Мұның алдында ол Шотландияның Ұлыбританиядан тәуелсіздік алуы үшін ұйымдастырылған референдумға атсалысқан.

Сайед Саддик, жастар істері және спорт министрі, 28 жаста 

Малайзияның бұрынғы жастар істері және спорт министрі. Биыл ол өз партиясын құрған. Ол 2016 BERSATU (Малайзияның ең ірі партияларының бірі) партиясына мүше болып, 2018 жылы оның атынан парламент депутаттарын сайлауға түскен. Онда жеңіске жетіп, жастар істері және спорт министрі болған. 2020 жылы партиядан кетіп, Малайзияның біріккен демократиялық альянсы деп аталатын, жастар саясатына бағытталған партия құрып алған.

”МИГРАНТ” профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

02.05.2024 жылы Түрксіб станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі...

Рейдовые мероприятия провели среди сотрудников ДУИС Астаны

Сотрудниками Группы собственной безопасности совместно с сотрудниками Отдела воспитательной...

Строевой смотр проведен среди личного состава ДУИС Астаны

В ДУИС Астаны среди личного состава проведен строевой смотр....

Осужденные Алматинской области отметили День единства

Осужденные, отбывающие наказание в учреждении №14 ДУИС по г.Алматы,...

Алматы облысының сотталғандары бірлік күнін атап өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14...