Латын қарпіне көшу: қазақстандықтар құжаттарын ауыстыруы керек пе?

Ішкі істер министрлігі «Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне байланысты құжаттарды өзгерту қажет пе?» деген сұраққа жауап берді. Әзірше латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау кезеңінде тұр. Бірақ билік қазірден бастап Қазақстанда жаңа әліпби бойынша адам есімі мен тегін жазу ережелерін әзірлейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі тілшіміздің ресми сауалына берген жауабында қазақстандықтардың төлқұжатын, жеке куәлігі мен басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде латын графикасы негізінде беру 2025 жылға дейін жоспарланғанын атап өтті.

«Латын әліпбиіне көшсек, жеке басты куәландыратын құжаттар адамдардың өтініші бойынша ауыстырылады. Бұған дейін алынған құжаттар қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады», — деп атап өтті министрлік өкілдері.

Ведомстводағылар қазіргі уақытта латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау кезеңінде екенін айтты.

Бұған дейін мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов 2021 жылы Қазақстанда тұрғындардың аты-жөнін латын графикасындағы әліпби бойынша жазу ережелерін әзірлеу жоспарланғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, географиялық нысандар мен олардың бөліктерінің атауын латын графикасы негізінде стандарттауды әзірлеу жоспарда бар.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...