12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

KUNDELIK.KZ: БІЛІМ БАЗАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕР ҚОРҒАЛҒАН БА?

Жақында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров kundelik.kz байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға және Бас Прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдаған еді. Сауал мазмұны «күштеп» енгізілген «Күнделік» жасанды шетелдік монополия, қазақстандық оқушының жеке мәліметтерін жинау, сақтау және өңдеу қызметінің тиісті деңгейде қадағаланбауы, платформадағы этика мен ұлттық дәстүрге жат, сананы улайтын, жалаңаштанған, нәпсі мен ойын жарнамасының қаптауы жайында болды. Сауалға өкілетті органдардың жауабы да шықты. Депутат көтерген мәселенің өзектілігі мен құзырлы тараптың жауабы қандай? Күнделік жыры қашан, қалай шешіледі? Отандық мамандар бәсекеге қабілетті күнделік платформасын қашан жасайды?

Жасанды монополия

Ерлан Саиров «Күнделік» платформасы Қазақстанның барлық мектебіне күштеп енгізілген деген пікір айтты. Депутат дерегінше, электронды қызмет көрсете алатын бір емес, бірнеше отандық компанияның болуына қарамастан, сол кездері құзырлы орган ешқандай іріктеу мен байқаусыз, 4 миллион оқушы дерегін, электронды платформа керек желеумен ресейлік компанияға беріп жіберген. Нәтижесінде, бұл салада шет елден басқарылатын қолдан жасалған монополия пайда болғанмыс. Дегенмен ресми жауап «монополия жоқ» дейді. Мәселеге қатысты Бас Прокурор құзырлы органдардан жауап алып, келесідей мәлімет берді: «Қазіргі уақытта мемлекеттік мектептерде төрт білім беру платформасы қолданылады: «Күнделік», «Edus mektep», «Bilim All», «Bilim class». Тиісінше, білім беру платформаларының балама нұсқалары бар». Яғни біздің елде аталмыш сала бойынша монополия бар деуге келмейді. Нақтылық үшін аталған платформаның барлығының функционалдылығын тексеру үшін кіріп көрдік. Бақылау барысында бәрі жұмыс жасайтынына және ақпарат күнделікті жаңартылатынына көз жеткіздік», – деді. «Күнделік» жобасының бас директоры Мұхтар Ілиясовтың айтуынша, инвесторлар жаңа жүйені жасап бергені үшін мемлекеттен мүлде ақша алмаған. Жоба өзін 11 жылда ақтап алады екен. Министрліктің бұл жобаны мақұлдап, жаппай енгізуінің негізгі мақсаты мұғалімдерді қағаз толтыру «азабынан» арылтып, Қазақстанда сандық білім беру жүйесін қалыптастыруға саяды. Дегенмен Мұхтар Ілиясов әріптестерімізге эксклюзивті сұхбат бере отырып, «Күнделік» компаниясының бір бөлігі ресейліктерге тиесілі екенін растаған. «Әрине, әуел бастан «ЖШС Күнделік» қазақстандық компаниямыз десек те, біздің компанияның 45 пайызы Ресейдің «Дневник. ру» компаниясына тиесілі. Яғни, жобаның «жүрегін», негізін әзірлеген адамдар – ресейліктер. Ал, әдістемені, үш тілдегі жұмысты, академиялық бағалау жүйесін, сабақтардың санын енгізген өзіміз. Ресейде бұл бағдарламаны 150 адам жасап отыр, оның ішінде оншақты адамды бізге көмектесуге берген. Ал, Қазақстан тарапынан жобада он екі адам – есепші, заңгерлер мен операторлар жұмыс істеп отырмыз», – дейді Мұхтар Ілиясов. Десек те, Дневник.ру – өзін дәлелдеген әлемдік білім беру саласындағы үздік ондыққа кіретін İT компания. «Электрондық білім беру және оқыту» номинациясы бойынша БҰҰ және ЮНЕСКО-ның бұл компанияны марапаттауы бекер емес. Мәселені зерттеу барысында Дневник.ру компаниясы өз жұмысын 2007 жылы бастап, аталмыш жобаны Ресейде 2014 жылы іске асырғанын білдік. Әлемдік эксперттердің оң бағасын алған компания Шығыс Еуропа, ТМД, Азия елдеріне электронды оқыту жүйесін құруға атсалысқан екен.

Оқушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қалай?

Алайда мәжілісмен Саиров «Күнделік» біздің балаларымыздың жеке мәліметтеріне қол сұғып, рухани келбетіне кері әсер ететін, ұлттық қауіпсіздіктің тамырына балта шабуға қабілетті терең проблема! – деп платформа басшылығына ауыр айып тақты. Әлемнің Google, Meta сынды алпауыттарының өзі қолданушылардың жеке деректеріне қатысты көп сынға ұшырайтынын бәріміз білеміз. Тіпті Facebook компаниясының Meta боп ребрединг жасауына да біржағынан тұтынушылар дерегіне қатысты даулар әсер еткен болатын. Десе де Саировтың алаңдауы орынды. Депутаттық сауалға қатысты Тамара Дүйсенова «Күнделік» платформасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес екенін жеткізді. Сонымен қатар «Күнделік» ақпараттық жүйесі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілер жүйесі болып табылғандықтан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тоқсан сайынғы тексерулері мен рәсімдерінен өтетінін қоса атап кетті. Жалпы депутат сауалы бойынша, тексеріс жүргізген Ұлттық экономика министрлігі, уəкілетті орган ретінде жобаға салалық сараптаманың оң қорытындысын берді. Бірақ «сақтықта қорлық жоқ» демекші, депутат сауалы орынды, соған сай алдағы уақытта құзырлы органдар заң бұзушылықты болдыра қоймас деп сенеміз. Дегенмен алда-жалда оқушылардың жеке деректері қолды болып кететін болса, Әкімшілік құқық бұзушылықтың 79-бабына сәйкес, жеке деректерді қорғау шараларын сақтамағаны үшін «Күнделік ЖШС» жауапкершілікке тартылатын болады. Ірі кәсіпкерлік субъектісіне 1 мың АЕК (1 АЕК – 3450 теңге) көлеміндегі ең жоғары айыппұлды қарастырған. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 147 және 211-баптары бойынша жеке мәліметтерді жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Этикаға жат жарнама

Депутат Саировтың этикаға жат жарнама деп көтеріп отырған мәселесі ағымдағы жылдың 11 мамыр күні БАҚ беттерінде тараған «Күнделік» қолданушысының платформадан көрген «Google Play сервисіндегі 18+ ойындар» жарнамасы еді. Мәселе қоғамда резонанс тудырғаны шындық. Дегенмен «халық адамы» мәселенің түбіне жетпеген секілді. Тіркелген фактіге қатысты Kundelik.kz сайтының әкімшілігі сайттың жарнамалық тетіктеріндегі қателіктер мен техникалық ақауларға ішкі тексеру жүргізді. Нәтижесінде платформада Google Play сервисінің жарнамалары жарияланбайтындығы, ал аталмыш жарнама қолданушы браузеріндегі бөгде вирус не плагиннен келуі мүмкін екендігі хабарланды. Оның үстіне 2023 жылдың 1 наурызынан бастап 1-11 сынып оқушылары үшін Яндекс пен Google жарнамалық желісі өшірілгені туралы да айтылды. Ал Бас прокурор Асылов берген ресми жауап бойынша, «Күнделік» АЖ жұмыс істеуіне қатысты, оның ішінде жарнаманы тарату мəселелері бойынша Бас прокуратураға қандай да бір шағымдар мен арыздар түспеген. Нақтылық үшін біз де сауалнама өткізіп көрдік. Ауызша сауалнамаға қатысқан 5 мұғалім, 10 ата-ана, 40 оқушы платформадан этикаға жат жарнаманы бұған дейін көрмегендерін жеткізді. Жалпы, бұндай дау көрші Қырғызстанның электронды күнделігі «Күндөлүк» платформасында да туындаған еді. 18+ жарнаманың ара-тұра жылтың ететінін жауапты компания да мойындаған. Қырғыз ағайынның платформасы біздегідей шет елдік емес, өз өнімдері. Ал түйткілге қатысты «Күндөлүк» авторлары жоба мемлекет тарапынан қаржыландырылмағандықтан, оны жарнама арқылы қолдауға мәжбүр екендіктерін жеткізген еді. Платформа оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға пайдалануға тегін, ал жарнама қаражаты қызметкерлердің жалақысы мен серверге қызмет көрсетуге жұмсалған.   «Жарнама қатты мазаламайды, бірақ қаласаңыз, оны бар болғаны 50 сомға бір жылға өшіре аласыз», — дейді компания өкілдері. Бізде де жағдай соған ұқсас. Жарнамаға қатысты депутаттық сауалға Тамара Дүйсенова жазбаша түрде «Күнделік» ақпараттық жүйесі ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Күнделік» ЖШС арасында жасалған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде жұмыс істейтінін жеткізді. Ал Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының 15-бөлімінің 1-тармағына сәйкес «Күнделік» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасында «белгіленген шектеулерді» ескере отырып, «Күнделік» платформасында меншік иелері жарнамалық ақпаратты орналастыруға құқылы екенін айтты. Негізі «Күнделік» ЖШС мен мемлекеттік келісім 2030 жылға дейін жасалған. Жалпы депутаттың реніші отандық жүйе мен қазақстандық мамандар тұрғанда шетелге неге жалтақтадық дегенге саяды. Әрине, қынжылыс орынды. Дегенмен пандемия кезінде тез әрі сенімді платформа керек болған соң ресейлік «Дневник.ру» платформасынан ыңғайлы шешім болмағаны анық. Оның үстіне компания артында қаншама жыл тәжірибе мен жақсы кейс жатыр. Бірақ еңсені түсірудің қажеті жоқ. «Күнделік» деңгейіне өзге де қазақстандық платформалар теңесіп қалар. Не десек те, ендігінің бәрі уақыт еншісінде.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.

Қазақстанда кімдер ең көп табыс табатыны белгілі болды

Қазақстанда қараша айында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар анықталды. Бас құрылысшылар, өндірістік учаске басшылары және авиациялық диспетчерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарында.

Президент Ашхабад қаласына барды

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Ел аумағына сырттан тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды

Жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

2026 жылғы мерекелер: қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылы қазақстандықтар қалай демалатын болды? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік және ауыстырылған демалыс күндері көрсетілген өндірістік күнтізбені жариялады.