КҮЗЕТ МАМАНДАРЫ ӘРІПТЕСТЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 1- полиция батальонының жеке құрамы қызмет кезінде қайтыс болған әріптестері полиция старшинасы Айзат Жетенбайды еске алуға арналған шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.
«Айзат Жетенбай да футболды шебер ойнайтын ойыншы болатын. Бүгінгі жарысқа оның достары да бір команда болып қатысып отыр. Бұл ойынды ұйымдастырудағы мақсатымыз – тек әріптесімізді еске алу ғана емес, сонымен қатар күзет қызметкерлерінің шынығуына және жедел шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету»-дейді 1-полиция батальоны командирінің орынбасары полиция майоры Елтай Тохтахметов.
Аталған жарысқа алты команда қатысып, шағын футбол алаңында командалар жүлделі орындар үшін шебер ойын өрнегін көрсетті.
Тартысты өткен жарыста 2-взвод бірінші орынды жеңіп алса, 3-взвод екінші орынды иеленді. Үшінші орын аса қауіпті инфекция ұлттық ғылыми орталығы нысанын күзету взводының футболшыларына бұйырды.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...