Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында елдегі кредит нарығын реттеу бойынша қабылданып жатқан негізгі өзгерістер мен жоспарларды түсіндірді.

Кредиттер бойынша шекті мөлшерлемелер төмендетілді

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

Атап айтқанда:

  • кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша шекті ставка 56%-дан 46%-ға дейін;
  • кепілді кредиттер бойынша 40%-дан 35%-ға дейін;
  • ипотекалық кредиттер бойынша 30%-дан 25%-ға дейін төмендетілді.

Сонымен қатар 2025 жылы ипотекалық қарыздар бойынша шекті ставканы 20%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданған. Алайда Ұлттық Банктің базалық ставкасының 18%-ға дейін өсуіне байланысты, бұл норманың қолданысы 2026 жылғы 1 шілдеге дейін уақытша тоқтатылды.

Қазіргі уақытта ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық ставканы есептеудің жаңа әдістемесі әзірленеді.

Банктер үшін жаңа талаптар енгізіледі

Агенттік банктер туралы заң жобасы аясында халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеуге бағытталған бірқатар жаңа тетіктер қарастырылып жатқанын хабарлады. Олардың ішінде қаржы ұйымдарының:

  • клиенттермен адал қарым-қатынас қағидаттарын сақтауына;
  • жарамсыз әрі тәуекелді өнімдерді ұсынбауына;
  • талаптардың ашықтығын қамтамасыз етуіне;
  • агенттер мен делдалдардың қызметін бақылауына міндеттейтін жауапты практикалардың бірыңғай жүйесін енгізу көзделген.

Осы мақсатта қаржы өнімдерін әзірлеуден бастап тоқтатуға дейін басқару институты енгізіледі. Агенттік тәуекелі жоғары өнімдерді нарықта сатуды тоқтата тұру құқығына ие болады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау күшейтіледі

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін Агенттік құрылымында жеке департамент қайта құрылды. Ол қаржы ұйымдарының клиенттермен өзара іс-қимыл сапасын арттыруға, тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға және тұтынушыларға келетін ықтимал зиянды азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар заң жобасында:

  • банк, сақтандыру және микроқаржы қызметтері бойынша қаржы омбудсманының бірыңғай офисін құру;
  • дауларды сотқа дейін реттеудің үш деңгейлі жүйесін енгізу (қаржы ұйымы – омбудсман – уәкілетті орган) ұсынылып отыр.

2025 жылы қабылданған негізгі шаралар

Агенттік 2025 жылы мынадай маңызды шешімдер қабылдаған:

  • 2025 жылғы қыркүйектен бастап мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға кредит беруге тыйым салынды;
  • әлеуметтік осал топтарға және төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға кемінде 3 айға төлемді кейінге қалдыру немесе ай сайынғы төлемді 50% және одан да көпке төмендету міндеті енгізілді;
  • кейбір кредиторлар алдында борыштарды соттан тыс банкроттық шеңберінде тоқтату мүмкіндігі қарастырылды;
  • қаржылық қызметтер бойынша ақпаратты жария ету талаптары күшейтілді.

Кредиттік шопингке тосқауыл қойылады

Проблемалық берешектің өсуіне жол бермеу үшін заң жобасында:

  • кредиттік бюроларға өтінімдер туралы ақпаратты беру мерзімін 1 сағатқа дейін қысқарту;
  • қарыз алушының өтінімі бойынша өзекті мәртебесіз кредитті мақұлдауға тыйым салу ұсынылады.

Сондай-ақ 2025 жылғы тамыздан бастап кредит беру талаптары қатаңдатылды. Енді:

  • 5 жылдан астам мерзімге кепілсіз тұтынушылық қарыз берілмейді;
  • банктерде 30 күннен, МҚҰ-да 1 күннен астам мерзімі өткен төлемі бар азаматтарға кредит беруге тыйым салынады;
  • соңғы 3 жылда қарызы кешірілген тұлғаларға жаңа қарыз берілмейді;
  • тиімсіз қайта құрылымдаудан өткен қарыз алушыларға кредит берілмейді;
  • 90 күннен астам кешіктіруі бар тұлғалар үшін борыш жүктемесі коэффициенті 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіледі.

Сонымен қатар микрокредиттерді кәсіпкерлік мақсатта беру кезінде қарыз алушының кәсіпкерлік қызметін растайтын құжаттарды ұсыну міндеті енгізілді. Құжаттар болмаған жағдайда, МҚҰ кредит-борыш жүктемесін есептеуге міндетті.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?