Коронавирустың таралуына ауа райының әсері жоқ — БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мамандандырылған мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) сарапшылары ауа райының COVID-19 таралу динамикасына әсерін бағалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, коронавирус төмен температурада ұзағырақ өмір сүрсе де, оның таралу динамикасы метеорологиялық факторларға емес, ең алдымен сақтық шараларына байланысты.

«CAVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 вирусын зерттеу кезінде оның суық, құрғақ жағдайда және ультракүлгін сәулелену төмен деңгейде ұзағырақ өмір сүретінін көрсететін мәліметтер алдық. Алайда бұл зерттеулер метеорологиялық факторлардың вирустың таралу қарқынына тікелей әсер ететінін әлі көрсеткен жоқ», — делінген хабарламада.

Джонс Хопкинс университетінің профессоры Бен Зайчик метеорологиялық факторлар мен ауа сапасын инфекцияның таралу қарқынын төмендетуге бағытталған үкіметтік шараларды жеңілдету үшін негіз ретінде пайдалануға болмайтынын атап өтті.

Ауа сапасының пандемияға әсері бойынша да әзірге нақты тұжырымдар жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ауа сапасының нашарлығы COVID-19-дан өлім көрсеткішін арттырады, бірақ вирустың таралуына әсер етпейді.

Денсаулық сақтау министрлігі де осындай пікірде. Ғалымдар да ауа райының жылынуы коронавирусты өлтіреді деген болжам қиял екенін айтқан.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...