Коронавирусты суық тиюден қалай ажыратуға болады

CoViD-19 вирусын жұқтырғандар саны 179 мыңнан асты, оның 7,4 мыңы көз жұмды. Қытайдағы Ухан университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары вирустың күннен күнге қалай құбылатынын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.
Коронавирустың бір қаупі – бұл індетті суық тиюмен шатыстырып алу өте оңай екен.

CoViD-19 инфекциясын алғаш тіркеген ухандық мамандар 138 пациентті зерттеп, ауру ағымын кезеңдерге бөлген. Осылайша, аурудың екі негізгі кезеңі аталды.

Біріншісі 7 күнге созылады. Бірінші күндегі кең тараған алғашқы белгісі – қалтырап, қызу көтерілу. Науқастардың 99%-ында жоғары температура байқалған.

Екінші күні қатты шаршау сезіледі. Сондай-ақ, құрқақ жөтел пайда боп, бұлшықеттер ауырады. Кейбір жағдайда лоқсу және іш өту байқалады.

Жетінші күн – бұл кезеңнің аяғы. Демек, ауру жұқтырғандардың 85%-ының денсаулығы дұрыстала бастайды. Мұндай жағдайда егер сіз өзін-өзі оқшаулауда болсаңыз әрі ешкіммен байланыс орнатпасаңыз, жұмысыңызды жалғастыруыңызға болады. Алайда, егер жетінші күні тыныс алу жолдары қиындаса, онда бұл – екінші кезең басталғанының белгісі.

Екінші кезең тағы екі аптаға созылады, алайда бұл вирус жұқтырғандардың 15 пайызына ғана қауіпті. Мұндай кезде ауруханаға қаралған жөн, себебі пациент ауруханаға жатуды қажет ету мүмкін. Әдетте науқас коронавирустан 17-күні қайтыс болуы мүмкін. 21-күні екінші кезең аяқталады.

Осы екі кезеңнен өткен науқастар жұмысын жалғастыруға қауқарлы болады.

Айта кету керек, ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцина сынағы басталғанын хабарлаған болатын.

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...

Слышать людей, действовать вместе

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИЗВАЛ НОВЫЙ КОНСТИТУЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ ХАЛЫҚ...

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты.