Коронавирустың Қазақстанға келгеніне бір жыл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия жарияланғанына бір жыл болғанын айтып, қауіптің әлі де сейілмей отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жүгініп, осы уақытқа дейін жасалған бірқатар шараларға тоқталды.

«Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік», — дейді Тоқаев.

Алайда, коронавирус әлі де қауіпті екенін айтты мемлекет басшысы. Оған қоса, президент вирусты тек вакцина арқылы жеңуге болатынын жеткізді.

«Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын. Вирусты тек вакцинация арқылы жеңуге болады. Мен барлық отандастарды өздеріне және айналасындағыларға қамқорлық жасауға шақырамын», — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ПРОВЕДЕНА ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ

Департаментом проведена профилактическая разъяснительная работа среди сотрудников аппарата акима...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Департамент қызметкерлері Е.Рысқұлбек және Р.Нурутдинова Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының...

90 жылдық тарихы бар қоғам қайраткері

Олжас Омарұлы Сүлейменов - Қазақстандық поэт, жазушы, әдебиеттанушы, дипломат...

ПОЛВЕКА МЕЖДУ ПЛАМЕНЕМ И НАНОНАУКОЙ

Научный феномен Зулхаира Мансурова В ряду выдающихся деятелей казахстанской науки,...

Апостильдеу туралы құқықтық насихаттау

Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі...