12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Коронавирустан кейін иіс пен дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болады?

Коронавирус жұқтырып, ауырған адамдар көбінесе иіс пен дәм сезбей қалады. Мұндай асқынудың себептері әлі толық анықталмаған, бірақ дәрігерлердің пікірінше, коронавирус сілекейдің құрамын бұзады немесе рецепторлардың өздері зақымдалады. Кейбіреулер үшін бұл аурудан жазылғаннан кейін де проблемаға айналады. Невролог дәрігер Александр Будик COVID-19 кезінде иіс пен дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болатынын айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Нейрофизиолог Александр Будиктің айтуынша, коронавирус сілекейдің құрамын бұзады, сондықтан дәмдік заттар тез ыдырайды және ол дәм сезу рецепторларына жетіп үлгермейді деген болжам бар. Басқа теория бойынша, рецепторлардың өздері зақымдалады, бұл дәмнің ғана емес, иістің де жоғалуын түсіндіреді.

«Немесе дәмі бар заттарды қабылдайтын сезімтал жасушалар немесе қабылданған иіс туралы ақпарат беретін жүйкелер зақымданады», — деп түсіндірді дәрігер Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Будик иіс пен дәм сезуді қалпына келтіру үшін арнайы жаттығулар жасауға кеңес берді. Күн сайын бірнеше рет 20 секундтан әртүрлі иістерді иіскеу керек. Бұл иіс сезуге қажет мүшелерді белсенді жұмыс істеуге итермелейтін қалампыр, сарымсақ, кардамон, даршын сияқты күшті хош иістер болуы керек, дейді дәрігер.

Осы кезде сәйкесінше дәм сезу де қалпына келе бастайды. Дәм мен иіс сезудің бұзылуы өзара тығыз байланысты, сондықтан бір компоненттің қалпына келуі екіншісінің жақсаруына себеп болады.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....