Коронавирус жұқтырмаған және вакцина салдырмаған адамдарды не күтеді?

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар саны күн сайын артып келеді. Алайда коронавирус жұқтырмаған және жеке себептермен вакцинациядан бас тартқан адамдар да бар. Аллерголог-иммунолог Владимир Болибок Sputnik радиосына берген сұхбатында «Ұжымдық иммунитет қалыптасса, олар қауіпсіз ортада бола ма?» деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұжымдық иммунитет адамға ешқандай әсер етпейді. Адамның иммунитеті болмаса және ол байланысқа түссе, сәйкесінше оның ауырып қалу қаупі бар. Жағдайына қарай коронавирус инфекциясының жеңіл немесе өте ауыр түрімен ауыруы мүмкін. Ұжымдық иммунитеттің дамуын күту — эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау үшін маңызды. Онда шектеулерді сақтау немесе жою туралы шешім жасалады», — деді Владимир Болибок.

Ауырмаған және коронавирусқа қарсы иммунитеті жоқ адам әлі де сақтық шараларын сақтауы керек, дейді иммунолог.

«Адам вирус жұқтырмаса, ол бәрін дұрыс жасап жүр деген сөз, сақтық шараларын сақтауды жалғастыра беру керек. Қазір коронавирустың таралу арналары толығымен жойылды деу қиын», — деді Владимир Болибок.

Дәрігердің айтуынша, COVID-19-бен ауырмаған және вакцинацияланбаған адамдар үшін арнайы шектеулер пайда болуы екіталай.

«Коронавирус жұқтырмаған адамдардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді деп айта алмаймын. Алайда реттеу деңгейінде шешімдер болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір мекемеге вакцина салдырған адамдар ғана жұмысқа қабылдануы мүмкін. Қазір мектепке дейінгі балалар мекемелеріне дифтерия, қызылшаға қарсы егілген адамдарды қабылдайды, олар бактериялық инфекцияларға тексеріледі. Кейін коронавируспен ауырмаған адамдарға қандай да бір талаптар қойылуы да мүмкін», — дейді Владимир Болибок.

22 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІН ТАҢДАДЫ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына биыл 127 мыңға жуық...

Мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі: заңның жаңа талаптары

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа «Қазақстан Республикасының...

Точка отсчета МЭКС: электросети Карагандинской области ждёт масштабное обновление

Электросетевое хозяйство Карагандинской области десятилетиями обеспечивало регион электроэнергией, несмотря...

Құмар ойындар мен мемлекеттік қызмет — бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті

Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі және өмірлік маңызы...