Коронавирус жұқтырғаннан кейін иіс сезбеу салдары қандай? Дәрігер жауабы

Коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейінгі иіс сезбеу салдары қандай болатынын және оны тез қалпына келтіру керектігі туралы жоғары санатты ресейлік лор дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырып, жазылғаннан кейін бір ай ішінде иіс сезу қалпына келеді, дейді дәрігер. Егер осы кезеңде иістерді қалыпты қабылдау байқалмаса, шұғыл түрде дәрігермен кеңесу керек.

«Иіс сезудің екі құрамдас бөлігі бар: проблемалар мұрын қуысының шырышты қабаты деңгейінде болған кезде және мидың иіс сезуге жауап беретін аймағында проблема болған кезде. Егер екіншісі туралы айтатын болсақ, онда мәселе күрделі. Ал шырышты қабат туралы айтатын болсақ, онда көмектесуге болады және қажет», ‒ деді отоларинголог.

Тиімді емдеу шарасын тағайындау үшін маман мұрын қуысын тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша зерттеулер жүргізуі керек.

Науқастың өзі де иіс сезуді қалпына келтіре алады. Ол үшін иіс сезу рецепторларын әртүрлі хош иістерді иіскеу арқылы қалпына келтіру керек. Алайда аммиак, сірке суы, өткір парфюмериямен тыныс алуға болмайды. Мұндай өткір иістер мұрынның шырышты қабатына зиян. Бірақ насыбайгүлдің тұрақты хош иісі тиімді болуы мүмкін.

Отоларинголог ауыр зардаптардың алдын алу үшін иіс сезуді қалпына келтіру мәселесін мүмкіндігінше ертерек шешуге кеңес берді. Мысалы, егер үйде газ шықса, иістерді қабылдамайтын адам оны сезбейді. Ал оның соңы ауыр зардапқа әкелуі мүмкін.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...