Коронавирус жұқтырғандардың үштен бірінің жүйкесі сыр береді — зерттеу

Ұлыбританиялық және америкалық мамандардың зерттеуінше, коронавирус жұқтырып, аурудан айыққандарда алты айдан кейін жүйкесі нашарлап, психикасы бұзыла бастайды, — деп хабарлайды РИА Новости. 

Зерттеу жұмысы Lancet Psychiatry ғылыми журналында жарияланды. Ғалымдар 236 мың науқасты зерттеген. Олар коронавируспен ауырып шыққандарда алты айдан кейін 14 түрлі жүйке және психика бұзылуы байқала бастағанын анықтаған.

Зерттеу барысында COVID-19-бен ауырып шыққандарда ми жұмысы бұзылуы анықталған.

«Коронавирус анықталған 236 379 науқастың ішінде алты айда неврологиялық немесе психиатриялық аурулар диагноздарының таралуы 33,62 пайыз болды», — делінген зерттеуде.

Ең көп тарағандары мазасыздықтың бұзылуы (17 пайызында) және аффектив бұзылу (14 пайыз) болды. Басқа диагноздар сирек тіркелді: ишемиялық инсульт — 2 пайыз, заттарды қолданудан туындаған ауру — 6,5 пайыз, ұйқысыздық — 5 пайыз, деменция — 0,7 пайыз.

«Біздің деректеріміз (науқастарға) қажет болуы мүмкін көмектің ауқымы мен сипатын көрсететін маңызды дәлелдерді ұсынады. Алынған мәліметтер, сонымен қатар, реанимацияға жатқызылған немесе Сovid-19 кезінде энцефалопатиясы бар (мидың қабынбайтын ауруы-ред.) науқастарды күшейтілген неврологиялық бақылаудың қажетін көрсетеді», — делінген зерттеуде.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...