12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КОРОНАВИРУС ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕДІ

Карантин, жұмыссыз режим жалғасуда. Жалпы бұл келеңсіз жағдай әлем халқының күнделікті тұрмыс салтын ғана емес, өмірдің барлық саласының қалыпты жұмысына әсер етіп отыр. Осы орайда, «Қауіпті індеттің беті қайтқаннан кейінгі өміріміз қандай болады? Жаһандану үрдісі жалғаса ма? Экономикада қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?» деген сұрақтың кез келгеніміздің оймызда тұрғаны анық. Әрине, бұл сауалға әлемдік сарапшылар бас қатырып жатыр. Соның бірі Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі Яшар Якыш. Оның болжамынша, жаһандану үрдісі бұдан әрі де жалғаса береді.
«АҚШ-қа қарағанда Қытайдың экономикалық әлеуеті артып, болашақта вирусты биологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін. Екі ел арасындағы экономикалық қарама-қайшылықта Қытай күшті ұстанымға ие болады. Әлемді қауіпсіз орынға айналдыру әрекеті одан әрі күшейе түседі деп санаймын, бірақ, бұл қарулану
жарысын тоқтатпайды. Бұл мүмкіндікті жоққа шығармаймын», – дейді ол.
Оның айтуынша, пандемиядан кейін өмірдің барлық саласында өзгеріс байқалуы мүмкін. Бірақ, түбегейлі емес. Сондай-ақ, капиталды қайта бөлу басталады. Барлық елде ЖІӨ төмендейді және азаматтардың көпшілігінің табысы азаюы мүмкін. Сонымен қатар, індетке орай жұмысын тоқтатуға мәжүр болған кәсіпорындар мен компаниялардың біразы банкротқа ұшырап, олардың мүлкін қолында ақшасы барлар сатып
алады деп болжануда. Ең қызығы, пандемиядан кейін дәстүрлі кездесулер орнын интернет-коммерция, қашықтан білім беру және бейнеконференциялар басып, бұл салада айтарлықтай өзгеріс болады деп
күтілуде. «Фармацевтикалық компаниялар жаңғырады. Әсіресе, эпидемия аяқталған кезде, коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің саудасы қызады. Десе де, әлемдік қауымдастық бұл жағдайдан сабақ алып, дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымы мен дамыған елдер қандайда бір қауіпті індеттің таралуына қарсы түрлі бағдарламалар мен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге кіріседі» – деді Якыш мырза.
Немістер бәрін білген бе?
Немістер коронавирус індеті жайлы жеті жыл бұрын білген. Германия билігі 2013 жылы жедел респираторлық тыныс алу синдромы мутацияға ұшырайтынын болжап, арнайы талдау да жүргізіпті. Нәтижесінде, қауіпті аурудың белгілерін де алдын ала анықтаған. Яғни, дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, науқастың тыныс алу жолында асқынудың байқалуы, өкпеде өзгерістің болуы, қалтырау, бас, буын ауруы, бөртпе және әлсіздік тағы басқа белгінің болатыны айтылған. Сондай-ақ, немістер бұл індетке шалдыққандардың 10 пайызы өлуі мүмкін екенін болжап қоймай, қайғылы жағдайдың жас таңдайтынын айтқан. Жалпы қауіпті пандемия жайында алдын ала жазылған құжатта белгісіз індет әлемге тегіс тарағанымен, қатты зардап шегетіндердің қатарында Еуропа, АҚШ пен Азия елдері кіретіні көрсетілген. Ең таңқаларлығы, жеті жыл бұрынғы құжатта «Вирус ОңтүстікШығыс Азияда пайда болады. Ол адамдарға базарда сатылатын жабайы жануарлардан
жұғады» делінген. Қазіргі таңда аталған құжатқа қатысты неміс халқы өзара дауласып жатыр.
Камила ЫСҚАҚОВА,
«Заң газеті»

[ratings]

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...

Технологии будущего – в повседневную жизнь

На заседании Правительства под председательством Премьер министра РК Олжаса Бектенова...

Итоги года и новые горизонты

2024 год в Казахстане стал годом динамичных преобразований, когда...

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...