Коронавирусқа қарсы екпені жыл сайын алуға тура келеді — J&J басшысы

Johnson&Johnson компаниясының басшысы Алекс Горски алдағы бірнеше жылда адамдарға жыл сайын тұмау сияқты коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға тура келетінін жоққа шығармады, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Менің ойымша, адамдардың көбі біз тұмауға қарсы екпе сияқты COVID-19-ға да вакцинаны бірнеше жыл бойы аламыз дегенге келіседі. Біз бүгін осы вакциналардың құрамында не болатынын білмейміз деп ойлаймын. Бірақ бәріміз онымен бірге өмір сүретін болашақты елестете аламыз», — деді Горски CNBC-ге берген сұхбатында.

Johnson & Johnson корпорациясы АҚШ реттеушісіне коронавирусқа қарсы вакцинасын тіркеуге өтініш берген болатын.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылы 11 наурызда жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуін пандемия деп жариялаған еді.

Бұған дейін ДДҰ әлемде COVID-19-дың жаңа жағдайлары мен одан қайтыс болғандар саны күннен күнге азайып келе жатқанын, алайда коронавирустың «ұлыбританиялық», «Оңтүстік африкалық» және «бразилиялық/жапониялық» штамдары анықталған елдер саны көбейгенін мәлімдеген болатын.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...