Корея еліне жұмысқа тұрғызып беремін деп, ақша жымқырған алаяқ анықталды

Кентау қаласының полицейлері кезекті алаяқты қол түсірді. Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін тұрғыннан 500 мың теңге қаражат алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді.
Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.

           Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...