Көрсетілетін қызметті алушылардың қалпына келтірілген құқықтары

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық Департаменті жүргізеді.

Аталған міндетті орындау мақсатында, қызмет алушы Б. есімді азаматтың Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасымен көрсетілген «Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну» мемлекеттік қызметінің тәртібі мен мерзімдерін сақтауға қатысты шағымын толық, объективті және жан-жақты қарау мақсатында тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде негізсіз бас тарту және мерзімнің бұзылуы деректері расталды. Басқарма орынбасары, лауазымды тұлға ҚР-ның Әкімішілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің
465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі күні, көрсетілетін қызметті алушының сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттарды беру жолымен құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Сондай-ақ Департамент күн сайын «EgovKzBot2.0» Telegram-дағы ресми ботқа келіп түскен өтініштерді қарау және зерделеу бойынша жұмыс жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Бот нақты уақыт режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдануға арналған. Сондай-ақ, азаматтардың бюрократияны төмендету және мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңайлату жөнінде ұсыныс енгізу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде проблемалық мәселелер туындаған жағдайда азаматтарға EgovKzBot2.0 Telegram-ботына көрсетілетін қызметті беруші-мекеменің деректерін енгізу және өз пікірлерін, ұсыныстарын немесе шағымдарын жіберу жеткілікті.

Бүгінгі таңда, Департамент көрсетілетін қызметті алушылардың екі өтініші негізінде олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Мысалы, А. есімді азаматшаның кәмәлетке толмаған ұлына қатысты мәліметтер EGOV қосымшасында болмаған. Оның өтініші негізінде Департамент барлық мән-жайларды зерделеді және уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша оның баласы туралы барлық мәліметтер Egov қосымшасына енгізілді.

Сондай-ақ, Департамент Б. есімді азаматтың әйеліне қатысты, яғни баласының туу туралы куәлігіне оның рұқсатынсыз өзгерістер енгізуге қатысты өтінішін қарады.

Департаменттің араласуынан кейін оның бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Департамент келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды қысқа мерзімде қарастырылып және мәселелер жауапты тұлғалармен шешілуде.

Азбаева Жупархан Сулеймановна

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша Департаментінің

бас маманы

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...