КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ ӘРБІР ЖАН ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Еліміздегі жұмыссыздықты жою Үкіметтің алға қойған басты мақсаттарының бірі болып отыр.

Қазіргі таңда тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында аймақтарда да кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келеді. Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн. Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», – деген болатын. Осы орайда атап өте кетсек былтыр Ақмола облысы бойынша 407,1 мың адам жұмыспен қамтылыпты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз болған. Салыстырмалы түрде айтсақ бұл алдыңғы, яғни 2022 жылғы деңгеймен бірдей. Жалпы, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықтың табысын арттыру мақсатында үнемі түрлі шаралар атқарылып отырады. Атап өтсек, 2023 жылы бекітілген өңірлік карта және облысты дамыту жоспары шеңберінде 31 531 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Олар ұлттық жобалар, белсенді жұмыспен қамту шаралары, бос жұмыс орындары, 10000 тұрғынға 100 жұмыс орны, микрокредиттер және мемлекеттік гранттар арқылы шешіледі деп жоспарланған. Оның ішінде халықты қамтыған жұмыс көздерінің 25 288 тұрақты болса, 6243 жұмыс көзі уақытша болса да «екі қолға бір күрек» тауып беруді көздеген. Алайда бұл жоспар артығымен орындалған сыңайлы. Тағы да статистикаға жүгінсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 35 295 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 29 284-і тұрақты саналып отыр. Осы орайда статистикадағы тұрақты жұмыс орындарының айтарлықтай көптігі көңіл қуантады. Өйткені уақытша, маусымдық жұмыстар бәрібір халықты сол жерге тұрақтандырып, қамти алмайды. Ауылдағы тұрмысы төмен немесе көмекке мұқтаж жандар тұрақты түрде жергілікті басқарушы орындардың назарында. Мәселен, Ақмола облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік гранттар беру тұрақты түрде жүзеге асып отырады. Былтыр жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан 178 адам өтеусіз грант алды. Оның ішінде АӘК алушылар болса, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, қандастар, мүгедек баланы тәрбиелеушілер, асыраушысынан айырылғандар бар. Бұл халықтың осал топтары үшін үлкен көмек. Олар аяққа тұрып, тірлігін дөңгелетіп кетуі үшін мемлекет тарапынан берілген қаржы ықпал етері анық. Рас, кейде бөлінген қаржы діттеген жерге жетпеді деген де күмәндар болып жатады. Сондықтан олардың кейбіріне талдау жасай кетсек, Бұланды ауданының тұрғыны, мүгедектігі бар Агманова Айгүл Қабдынасерқызы «Қазақ ұлттық киіз үйлерін дайындауға» 1 млн 380 мың теңге көлемінде грант алды. Бұл бір жағынан ұлттық қолөнерді қолдау, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуға септігін тигізері анық. Яғни, грант бөлу кезінде де олардың қоғамымыз үшін маңыздылығы ескеріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік грант берілген азаматтың бірі Әлімқазы Өміржан. Ол Қорғалжын ауданының тұрғыны, көп балалы отбасы, «Бастау Бизнес» жобасының кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтағаннан кейін «былғарыдан аяқ киім тігу» жобасын жүзеге асыруға грант алған. Грант иесі: «Отандық аяқ киім өндірісін өркендету талай жылғы арманым еді. Атадан балаға қалатын кәсіп болса деп армандайтынмын. Қазір балаларымның бірі осы кәсіпті дөңгелетіп кетсе деп отырмын. Осы орайда қашанғы өзгелердің аяқкиімін киеміз. Егер елімізде менікі секілді шағын кәсіп иелері көбейсе сапалы, таза былғарыдан тігілген аяқкиімдер киетін күн туар еді. Қазір отандық өнім өндіріп, сапалы былғарыдан жасалған ыңғайлы, экологиялық таза аяқ киім тігетін кәсіпорнымның тынысын кеңейтсем деген арманыма жақындатты, үлкен сүйеу болды», – дейді. Осы орайда айта кетер бір жайт, өңірде мүгедектігі бар адамдар үшін субсидияланатын жұмыс орындары да көзделген. 2023 жылы жұмыс берушінің мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмсаған шығындарын субсидиялау шеңберінде 12 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жетеуі тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар үшін, бесеуі есту қабілетінің жоғалуы бойынша. Солардың бірі Сейілұлы Игілік – Көкшетау қаласының тұрғыны, кресло-арбамен қозғалатын 1 топтағы мүгедектігі бар адам, тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шебер болып жұмысқа тұрса, Борангазиева Эльмира Махмутовна – Біржан сал ауданының тұрғыны, есту қабілетінен айырылған ол 3 топтағы мүгедек болғанымен тігінші болып жұмыс істейді. Бұл өткен жыл бойынша өңірдегі ахуал. Биыл да Ақмола облысы бойынша көмекке мұқтаж, халықтың әлеуметтік осал топтары әкімдік назарында қажетті жұмыспен, грантпен қамтыла беретініне сенім мол!

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, «Заң газеті»

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...