Көлікке арналған мемлекеттік нөмірлердің қандай түрлері бар?

Жолда көлікке арналған мемлекеттік нөмірлердің түр-түрін көреміз. Стандартты түрден басқа, қара, көк, сары, жасыл түсті нөмірлер бар. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда кімдер қандай нөмірмен жүретінін анықтады.

Стандартты нөмір. 2012 жылы көлікке арналған нөмірлердің жаңа үлгісі шығарыла бастады. Принцип өзгеріссіз қалды — сол 3 сан және 3 (жеке тұлға) немесе 2 (заңды тұлға) әріп. Алайда маңызды айырмашылықтар да пайда болды: сол жақта Қазақстан туы мен KZ индексі, ал оң жақта, бөлек терезеде — екі цифрдан тұратын аймақ коды қосылды. Нөмірлердің қарпі де өзгерді — қазір ол халықаралық стильде.

Жоғары басшылық және олардың қызметтерінің көлігіне арналған нөмір. Бұл типтегі нөмірлер 2012 жылдың аяғынан бастап шығарыла бастады. Нөмірдің сол жағында ҚР Мемлекеттік Туы тұрады, оның астында «KZ» коды жазылған. Олар стандартты нөмірлерден ерекшеленеді. ҚР Президентінің автомобиль нөмірі өзгеріссіз қалды.

ІІМ (полиция) нөмірі. 2015 жылдың соңында полиция мен ТЖМ автомобильдеріне жаңа үлгідегі нөмірлер беріле бастады. «Қара көк фон, ақ рәміздер» түс үйлесімі қайтарылды, сол жақтағы нөмірге мемлекеттік рәміздер қойылды, содан кейін төрт сан тұрады. Оң жақта бөлек терезеде екі таңбалы аймақ коды орналасқан.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің автомобильдерінің нөмірі. 2015 жылы маусымда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің автомобильдеріне жаңа нөмірлік белгілер бекітілді. Мемлекеттік нөмірдің түсі — Шекара қызметі рәміздерінің негізгі түсі жасыл (шекара қызметінің Туы, эмблема, қалпақ) болғандықтан, жасыл болып таңдалды. Нөмірлік белгідегі жұлдызша — Шекара қызметінің ҚР әскерлеріне тиесілі екенін, ВЅ — Border Servicе, яғни ағылшын тілінен аударғанда «Шекара қызметі» деген мағынаны білдіреді.

Мотоциклге арналған нөмірлер. 2012 жылдың соңында мотоциклдерге жаңа нөмір форматы берілді. Нөмір төртбұрышты табақша пішінге ие, жоғарғы сол жақ бұрышта Қазақстан туы бейнеленген, ал астында «KZ» коды бар; төменгі сол жақ бұрышта жеке терезеде — өңірдің цифрлық коды бар. Жоғарғы қатарға екі сан, төменгі қатарға екі әріп қойылады.

Тіркеме нөмірлері. 2012 жылдың соңында тіркеме техникасына жаңа үлгідегі нөмірлік белгілер берілді. Нөмір төртбұрышты табақша пішінге ие, жоғарғы сол жақ бұрышта Қазақстан туы бейнеленген, оның астында «KZ» коды бар; төменгі сол жақ бұрышта жеке терезеде — өңірдің цифрлық коды бар. Жоғарғы қатарға үш әріп, төменгі қатарға екі сан қойылады. Нөмірдің бір қатарлы нұсқасы да бар.

Қазақстан бейрезиденттерінің нөмірлері. 2012 жылдың соңында резидент еместерге арналған жаңа нөмірлік белгілер енгізілді. Түс үйлесімі сары-қара. Нөмірдің сол жағында Қазақстанның Мемлекеттік Туы және «KZ» коды орналастырылған. 

Дипломатиялық нөмір. 2012 жылы дипломатиялық нөмірлік белгілердің жаңа түрі әзірленді. Түс үйлесімі — қызыл және ақ. Нөмірдің сол жағында Қазақстанның Мемлекеттік Туы және «KZ» коды орналастырылған. Тудан кейін әріп пен үш сан ұсақ қаріппен, тағы үш сан үлкен қаріппен жазылды. Ұсақ сандар елдің кодын білдіреді. Оң жақ шетінен нөмірдің қолданылу күні көрсетілген стикер орналастырылған.

Құрметті консулдарға арналған нөмір. Нөмірдің түс үйлесімі қара және сары. Форматы: кодпен ҚР туы, HC әріп тіркесімі (Honorary Consul — Құрметті консул), төрт сан, стикер бар.

Ресми рәсімдерге қатысатын көліктерге арналған нөмір. Түс үйлесімі дипломатиялық нөмірлер сияқты, сол жақта Қазақстанның туы және «KZ» коды орналастырылған, тілімнің бүкіл ұзындығына «PROTOCOL» сөзі жазылады.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.