Көкшетауда екі мыңға жуық ақ кимешек киген аналар Қазақстан рекордын жаңартты

Көкшетауда ақ жаулықты аналар бастамасымен Наурыз мейрамына орай Қазақстанның рекорды жаңарды. «Ақ кимешек» атты шеруде екі мыңға жуық көкшелік нәзік жандылар «Салтанат сарайы» ғимаратынан қаланың қақ төріндегі «Абылай хан» алаңына дейін шерулетіп өтті.
Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған тарихи кимешек шеруіне аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан көпбалалы аналар, дәрігерлер, мұғалімдер, театр, филармония әртістері, журналист әйелдер сондай-ақ елдің басқа аймақтарынан, атап айтқанда Астанадан және Солтүстік Қазақстан облысынан келген өкілдер болды. Ел тарихында болған іргелі шараның басы-қасында Қазақстанның халық әртісі – Жібек Бағысова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова, мәдениет қайраткері Орынтай Жүсіпалина, белгілі қоғам қайраткері, аудармашы, Марал Жақыпова, ұлттық киім шебері – Ұлжалғас Қарымсақова, қолданбалы өнер шебері – Гүлнәр Орынбаева, Ақмола облысы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина және Ақмола облысы Әйелдер альянсының төрайымы әрі көпбалалы аналар қауымдастығының негізін қалаушы, көп балалы ана – Анаргүл Мұхамедрахимовалар болды. Тағы бір ерекше атап өтерлігі кетерлігі сол бұл шеруге өзге ұлттың нәзік жандылары да қалмай қатысып, еліміздің бірлік-берекесін арттыра түсуге ықпал етті.
Шараға қатысқан облыс әкімі Марат Ахметжанов кимешек киген аналар шеруінің Қазақстан рекордтар кітабына енгенін растайтын құжатты салтанатты түрде табыс етті.

  • Бүгін біз үшін айырықша күн. Өңірде нәзікжандыларымыздың бастамасымен дүбірлі шара өтіп жатыр. Ардақты аналарымыз ұрпақ тәрбиесінде, ұлтымыздың болашағын қалыптастыруда зор мәнге ие. Ақ жаулықты аналарымызға, қарындастарымызға басымды иіп алғыс айтамын, — деп жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдағы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біздің ұлттық киіміміз этникалық бірегейлікті айқын көрсетеді, сондықтан оны жан-жақты насихаттау қажет» деп атап өтті Марат Ахметжанов.
    Бұл іс-шара ұлттық дәстүрлердің салтанаты ғана емес, сонымен қатар қазақтың этникалық бірегейлігін сақтап, насихаттаудағы маңызды қадам болғаны сөзсіз. Кимешек шеруі Көкше тарихында өткен мен бүгінді, дәстүр мен заманауилықты біріктіретін ерекше оқиға ретінде қалатыны сөзсіз. Шеру «Ақ кимешек» LED-экран арқылы Абылай хан алаңындағы бас сахнада тікелей трансляциямен сүйемелденді.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ,
Ақмола облысы

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...