2022 жылдың I тоқсанына арналған жоспарға сай өткізілген Консультативтік-кеңесші органының отырысында, Орал қалалық Пробация қызметімен және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 2021 жылдың 30 желтоқсанындағы, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатын ендіру және ҚР Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 95-VII ҚР Заңы талқыланды.
ККО төрағасы, Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Нұржанов жергілікті атқарушы органдарға сотталғандарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесін ұйымдастыруды талап етті.
Т.Курманалиев,
БҚО бойынша ҚАЖД Орал қ. пробация қызметiнiң бастығы, әдiлет майоры