Конституциялық сот – әділеттің кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – заң үстемдігі. Ал заңдардың бәрінен биік тұрғаны – Конституция. Бүгінгі таңда еліміздің негізгі заңын қорғап, оның орындалуын қамтамасыз ететін ең жоғарғы орган – Конституциялық сот.

      Конституциялық соттың міндеті – қабылданған заңдар мен өзге де нормативтік актілердің Конституцияға қайшы келмеуін қадағалау. Егер қайшылық анықталса, ол құжаттың күші жойылады. Бұл – Конституцияның қоғамдағы айрықша рөлін көрсететін маңызды тетік.   

     Сонымен қатар қарапайым азаматтар да өз құқығы бұзылды деп есептесе, тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алады. Бұл – халықтың құқықтық мәдениетін арттырып, әрбір адамның әділдікке сенімін күшейтетін қадам.

     Конституциялық соттың тағы бір маңызды қызметі – мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы дауларды шешу. Бұл – демократиялық қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды фактор.

      Айта кетерлігі, Конституциялық сот ешқандай билік тармағына жатпайды, ол – тәуелсіз орган. Оның шешімдері түпкілікті әрі барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті.

    Бүгінде Конституциялық сот – Қазақстандағы демократиялық дамудың кепіліне айналып отыр. Оның тәуелсіздігі мен әділ шешімдері – қоғамның құқықтық мәдениетін арттыратын басты тетік.

Қарақия аудандық сот әкімшісінің

бас маманы сот отырысының хатшысы  А.Бекмуратоваға

Қауіпсіз қоғам құру басты мақсат!

Жақында халыққа арнаған Жолдауында мемлекет басшысы "Тағы бір мәселе...

СУДЬЯ ӘДЕБІ — СОТ БИЛІГІНЕ ДЕГЕН СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ

Сот билігі - құқық үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің...

Судьяның кәсіби бейнесін қалыптастырудағы моральдық талаптар

Қазіргі қоғамда сот билігіне деген сенім – құқықтық мемлекеттің...

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...