12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Конституциялық реформалар тың бастамаға толы

Егемен еліміздің тұңғыш Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Бұдан кейін уақыт сұранысына орай қазіргі Конституция бүкілхалықтық референдуммен 1995 жылы қолданысқа енді. Содан бері бірнеше рет өзгертіліп толықтырылған Конституцияның кіріспе мен 11 бөлімнен, 95 баптан тұратын жаңа нұсқасы ел талқысына ұсынылды. 

Жалпы айтқанда, жаңа Конституция адам құқықтарына бағдарлануымен құнды. Олай дейтініміз, мұнда адам құқықтары мен бостандықтарының маңызы арттырылған. Заң мен Тәртіп, Әділдік, экологияны сақтау қағидаттары конституциялық деңгейде бекітіліп, мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты көрсетілді.

Жаңа жобада білім мен ғылымның, мәдениеттің, инновациялардың маңызына ерекше мән берілген. Бұл өз кезегінде Мемлекеттің болашағы минералдық ресурстарға ғана емес, адами капиталға, сондай-ақ, азаматтардың жетістіктеріне тікелей байланысты екенін айқындайды. Осы құжатпен қос немесе көп азаматтығы бар адамдарды Қазақстан азаматтығынан айыру ұсынылған.

Азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасының, сонымен қатар, білім,тәрбие беру жүйелерінің  зайырлы сипатының Конституцияда көрініс табуын, дін мен мемлекет аражігінің нақты ажыратылуын заман талабына сай енгізіліп отырған жаңашылдық ретінде бағалауға болады. 

Халық талқысына ұсынылған жобада Құрылтай және Қазақстанның Халық Кеңесі органынқұру көзделген. Құжаттың 52-бабының 1-бөлігінде нақтыланғандай, Қазақстан Республикасының Құрылтайы – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган. Оның құрамы 145 депутаттан жасақталады. Құрылтайдықұруда пропорционалды сайлау жүйесі қолданылып, ондағы депутаттар бес жылға сайланады. 

Тағы бір жаңашылдық, ел Президенті қызметінен өз еркімен кетсе немесе қайтыс болса жеті күнде сайлау жарияланып, ол екі ай ішінде өткізілуі керек.

Халық Кеңесі заң шығару құқығына ие, қазақстандықтардың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болады. Оның құрылуы мен өкілеттігі, құрамы, қызметі конституциялық заңмен айқындалады. 

Жобаға сәйкес, елімізде вице-президент лауазымын енгізу көзделген. Қазақстанның вице-президентін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай келісімімен Президент тағайындайды. 

Адвокатураның, яғни, адвокаттық қызметті жүзеге асыру тәртібінің  Конституцияға арнайы баппен енгізілуі де тың жаңалық. 

Конституция жобасында көрсетілген өзгерістер халық игілігіне бағытталған. Сондықтан, олардың қабылдануы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әділ қорғалуына, мемлекетіміздің озық елдер қатарынан көрінуіне жол ашарына кәміл сенімдіміз.

Нұрайша Темірболат,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к.

В ОСДП обсудили проект новой Конституции Республики Казахстан

В Центральном аппарате Общенациональной социал-демократической партии (ОСДП) состоялось заседание...

ЖСДП Конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша ортақ ұстанымын білдірді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Конституциясының...

Біздің таңдауымыз – сот саласындағы жемқорлықсыз болашақ

Сот жүйесі – қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігінің негізгі...

Предлагаемые изменения формируют обновленную институциональную модель страны – Гульнара Байкушикова

Принципиальным элементом проекта является закрепление прав и свобод человека...