«Конституциялық реформа — елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті

Бүгін елордада студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа — елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Жиынның басты нәтижесі ретінде қатысушы жастар еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін өзгерістерді толықтай қолдап, арнайы мәлімдеме жасады.                       

«Ауыл» партиясының Орталық аппаратында өткен басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси жаңғырулардың қорытынды кезеңі — жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланды.                                                                                     Жиынды ашқан «Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш жаңа құжаттың идеологиялық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Конституция жобасы «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» тұжырымдамаларын заңдық деңгейде бекітеді.                                                                                             «Бұл құжат — жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес, бұл — «Әділетті Қазақстанның» жаңа философиясы. Жаңа Конституцияда вице-президент институтын енгізу және Құрылтайдың жаңа архитектурасын қалыптастыру — билік сабақтастығы мен ұлттық басқару дәстүрінің заманауи үйлесімі», — деп атап өтті Н. Ораш.               Диалог алаңында тек талқылау ғана емес, жастардың саяси ұстанымы нақтыланды. Еуразия ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Қазақ ұлттық спорт университетінің студенттік көшбасшылары реформаларға қатысты өз көзқарастарын білдірді.                                                                                 Жиынға қатысушы студенттік ұйымдардың лидерлері мен белсенді жастар Конституцияның жаңа жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді. Көшбасшылар бұл реформаны елдің демократиялық бағытын айқындайтын және азаматтық қоғамды нығайтатын тарихи қадам ретінде бағалады. Студенттер атап өткендей, жаңа Конституция адам капиталына, білім мен инновацияға басымдық бере отырып, жас буын үшін жаңа әлеуметтік лифтілер мен құқықтық кепілдіктер ашады.                                                                                    Сарапшылар мен саясаттанушылар Д. Прімбетов, Е. Елемес реформа аясындағы бір палаталы Парламент пен партиялық жүйенің жандануы саяси мәдениетті жаңа деңгейге көтеретінін алға тартты.              Сондай-ақ, Негізгі Заңға өзгерістер енгізудің тек бүкілхалықтық референдум арқылы жүзеге асуы — мемлекеттік тұрақтылықтың басты кепілі екені айтылды.                                                                                         Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция — өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау деген ортақ байламға келді.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...