12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Конституциялық ережелер түсінікті, қисынды және стилистикалық тұрғыдан дұрыс болуы керек – Әділет министрі

Қазақстанда елді мекендер үшін арнайы құқықтық режимдерді конституциялық тұрғыдан бекіту ұсынылды 

Қазақстан Конституциясы әрбір азаматқа түсінікті болуға, ал жекелеген аумақтарға арнайы мәртебе беру мүмкіндігі – нақты Конституциялық негізге ие болуға тиіс. Мұндай пікірді Конституциялық комиссияның бірінші отырысында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты. 

Әділет министрі Негізгі заң тек заң актісі ғана емес, сонымен бірге қоғамдық келісім құжаты болып табылатынын, сондықтан оның тілі нормаларды тікелей және біржақты қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. 

Оның айтуынша, күрделі және аса құрмалас тұжырымдар азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсінуді қиындатады, сондай-ақ Конституцияның үстемдік принципін әлсіретеді. 

«Конституцияның мәтіні мазмұнның құқықтық дәлдігі мен тереңдігіне нұқсан келтірместен қол жетімді және түсінікті түрде тұжырымдалуы керек. Конституциялық ережелер түсінікті, қисынды және стилистикалық тұрғыдан дұрыс болуы тиіс», – деп атап өтті Ерлан Сәрсембаев. 

Сонымен қатар, министр Конституцияда жекелеген аумақтар үшін арнайы құқықтық режимдерді енгізу мүмкіндігін бекітуді ұсынды. 

Ол Президенттің жарлығымен Алатау қаласына озыңқы дамушы қала мәртебесі берілгенін, ал болашақта бұл мәртебені жекелеген конституциялық заңмен ресімдеу болжанып отырғанын еске салды. Оның пікірінше, мұндай тәсіл осы тетікті институционализациялауға, құқықтық болжамдылықты қамтамасыз етуге және құқықтық кеңістіктің бірлігін сақтауға мүмкіндік береді. 

«Аумақтың ерекше мәртебесі өзінің құқықтық табиғаты бойынша құқықтық реттеудің жалпы режимінен ерекшелік болып табылады. Мұндай ерекшеліктерге олардың тікелей конституциялық негізі, нақты заңнамалық ресімделуі және құқықтық мемлекет қағидаттарын қатаң сақтау шартымен ғана жол беріледі», – деп атап өтті министр. 

Соңында ол арнайы режимдерді конституциялық бекіту инвестициялар тарту және инфрақұрылымды дамыту үшін тұрақты және ашық құқықтық база құратынын айтты. Бұл ретте кез келген шешімдер мақсаттары мен мерзімдері бойынша шектелуге, азаматтар үшін әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.

Жазасын өтеп жатқан  жасөспірмдер  арасында рухани-ағартушылық бағытта кездесу өткізілді

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмелетке...

Молодежь и IT-сообщество Алматы поддержали конституционную реформу

В Алматы на площадке центра робототехники КазНУ имени аль-Фараби...

Роль государственного языка в деятельности государственных органов

Государственный язык является одной из основ независимости страны, национальной...

Географическое указание и их роль в развитии региональных брендов

          Региональный бренд – это устойчивая совокупность представлений о...

Атқару құжаттарын электронды түрде жолдау

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдері, ұйғарымдары мен...