12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Конституция және азаматтардың құқықтары: Заң алдындағы теңдік пен бостандықтар

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық, саяси және идеологиялық негізі болып табылатын басты заң.

 Ол – мемлекеттің құрылымын, басқару жүйесін, билік тармақтарының арасындағы қатынастарды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын анықтайтын нормативтік-құқықтық акт.

Конституция тек заңдар жиынтығы ғана емес, ол – мемлекеттің болмысы мен халықтың еркін білдіретін қоғамдық келісім. Конституция арқылы азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланыс орнайды. Ол қоғам өміріндегі барлық негізгі қатынастардың құқықтық негізін қалыптастырады және азаматтардың мемлекет алдындағы, ал мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін белгілейді.

Сондықтан Конституцияны азаматтық қоғамның құқықтық негізі деп атауға толық негіз бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған тарихи және құқықтық маңызды құжат. Ол еліміздің Ата Заңы ретінде Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайды. Конституцияның құрылымы 9 бөлімнен, 99 баптан тұрады. Оның мазмұны мемлекеттік билік жүйесін – заң шығарушы, атқарушы және сот билігін нақтылап, олардың өкілеттіктері мен өзара әрекеттесу принциптерін айқындайды. Сонымен қатар Конституцияда Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің және жергілікті басқару органдарының құқықтық мәртебесі нақты көрсетілген. Құжаттың маңызды бір ерекшелігі – онда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылығы ретінде танылып, нақты кепілденген. Бұл – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың басты алғышарты.

         Адам құқықтары мен Конституция арасындағы байланыс – ажырамас. Конституция адамның өмір сүруге, жеке басының бостандығына, сөз, ар-ождан, еңбек ету, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты негізгі құқықтарын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты жазылған. Бұл – мемлекет өз саясатын азамат мүддесіне бағыттайтынын және құқықтық жүйенің орталық өзегі адам екенін көрсетеді. Сонымен бірге Конституция халықаралық құқықтық нормаларға негізделе отырып, адам құқықтарының халықаралық стандарттармен үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Яғни,   

        Конституция мен адам құқықтарының арақатынасы – тек заңдық емес, сонымен қатар адамгершілік және саяси ұстанымдардың негізі.

        Конституция – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің іргетасы. Ол азаматтардың бостандығы мен теңдігін қамтамасыз ететін басты құжат ретінде қоғам өмірінде маңызды орын алады. Конституцияның үстемдігі мен орындалуы – азаматтық қоғамның дамуына, демократиялық құндылықтардың орнығуына тікелей ықпал етеді.

        Сондықтан Конституцияны білу және құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті әрі жауапкершілігі.

         Заң алдындағы теңдік – құқықтық мемлекеттің іргелі принциптерінің бірі және әділетті қоғам құрудың негізі. Бұл ұстаным бойынша әрбір адам – нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, әлеуметтік жағдайына, мүліктік мәртебесіне немесе кез келген өзге ерекшелігіне қарамастан – заң алдында тең. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясында тікелей бекітілген. Атап айтқанда, Конституцияның 14-бабында: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп көрсетілген. Бұл норма – кез келген азаматтың құқықтарын қорғауға, әділ сот төрелігіне қол жеткізуге және мемлекет тарапынан бірдей қарауға құқылы екенін білдіреді. Яғни, Конституция заң алдындағы теңдікті барлық құқықтық қатынастарда сақтауды міндеттейді және бұл – адам құқықтарын қорғаудың маңызды құралы болып табылады.

        Азаматтардың құқықтарын қорғау және заң алдындағы теңдікті қамтамасыз ету ісінде мемлекеттік құқықтық институттардың рөлі ерекше. Ең алдымен, бұл міндетті атқаратын – сот жүйесі. Соттар – заңның үстемдігін қамтамасыз ететін және әділ шешім шығару арқылы азаматтардың құқықтарын қорғайтын орган. Әрбір азаматтың әділ сот төрелігіне қол жеткізу құқығы бар. Бұл – құқықтық мемлекеттің басты кепілі.Әрбір азамат өз құқығын қорғаумен қатар, басқа адамның да құқықтарын сыйлауы қажет. Сонда ғана құқықтық сана мен азаматтық мәдениет орнығып, әділетті қоғам құрылады.

Заң алдындағы теңдік – формалды ереже емес, демократиялық және өркениетті мемлекеттің нақты тірегі. Ол адам құқықтарын қорғаудың, қоғамдық тұрақтылық пен сенімнің, бейбітшілік пен әділеттіліктің басты кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасы осы принципті ұстана отырып, адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің жоғары құндылығы ретінде таниды. Бұл – құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды әрі тұрақты бағыт.

Шалқар аудандық сотының бас маманы Г.Есжанова

«Спорт- денсаулық кепілі» атты кездесу өтті

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11...

Бизнесті құқықтық қорғау – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында әр...

«Жұмысшы жастар аманаты»: Адал еңбек азаматтың абыройын асырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары...

Послание Президента 2024: частный бизнес установил более 100 фандоматов в крупных городах

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева в стране проводится...

Биыл еліміздің Ата Заңына — 30 жыл!

Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл. 1995 жылы бүкілхалықтық...