12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Конституция – мемлекеттің Ата Заңы

Конституция – әр мемлекеттің ең басты, негізгі заңы. Ол елдің құқықтық негізін, басқару жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайды. Қазақстан Республикасында Конституцияның алатын орны ерекше. Ол – еліміздің тәуелсіздігін нығайтатын, құқықтық мемлекет құрудың іргетасы.

 «Конституция» сөзі латын тілінен аударғанда «құрылым», «құрылтай» деген мағынаны білдіреді. Яғни, Конституция – мемлекеттің құрылымын, билік тармақтарының қызметі мен өзара қатынасын, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі құжат.

Конституция – елдегі барлық заңдардың негізі. Оның нормаларына қайшы келетін ешқандай заң немесе құқықтық акт қабылданбауы тиіс. Конституция:

  • Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды;
  • Мемлекет пен халықтың арасындағы келісім рөлін атқарады;
  • Қоғамда құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарына тегіне, нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі.

Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес заң шығарушылық қызметімен, т.б. қоса баянды етеді. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қарым-қатынастарының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыстың экономикалық, ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін де анықтайды.

Мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық ережелерін, идеяларын пайдаланады. Қоғамның құрамдас бөліктері де (бірлестіктер, ұйымдар) өз қызметтерін Конституцияға негіздеп құруға тиіс. Жекелеген заңдар белгілі бір қоғамдық институттардың – саяси партиялардың, діни, мәдени бірлестіктердің т.б. құрылуы мен қызметтерінің бағыттарын айқындайды. Өздерінің мақсаттары мен әрекеттері арқылы конституциялық құрылысты зорлықпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық ұйымдардың құрылуына және әрекет етуіне тыйым салатын Конституцияның норматив- тік ережелері тура және тікелей іске асырылады. Сондықтан құқық қорғау органдары Конституция нормаларының бұзылу жағдайына қатысты шаралар қолданғанда, Конституцияның өзін тікелей басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек.

Конституция күні — Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі. Осы мереке күні барша қазақстандықтарға татулық пен келісім, денсаулық, табыс пен молшылық тілеймін. Ата Заңымыз тарихымыздың мақтанышына  айналсын.

Қорыта айтқанда, Конституция – елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық өмірінің тірегі. Ол – әрбір азаматтың ар-намысы мен еркіндігін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құжат. Сондықтан әрбір қазақстандық Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын орындауға тиіс.

Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.А.Шунимов

О.Бектенов: Общенациональный План по реализации Послания Президента отвечает поставленным задачам

Үкіметте Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын...

Мемлекеттік тілде сөйлеу – елдіктің белгісі

Тіл – халықтың жаны, ұлттың айнасы. Әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі...

В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА

В Послании народу Казахстана от 8 сентября 2025 года...

30 жыл – бір ұрпақтың ғұмыры, бір елдің тағдыры

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл. Көзді ашып-жұмғандай ғана...

Апостиль және әкімшілік сот тәжірибесі

 Қазіргі заманда азаматтардың шетелмен байланысы артып келеді. Бірі шетелде...