Конституция күні: Ата Заңның қоғам өміріндегі орны

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты заңы, мемлекеттің құқықтық негізі мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын маңызды құжат. Конституция қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі қағидаларын белгілейді.

Ата Заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені бекітілген. Әрбір азаматтың заң алдында тең болуы, білім алуға, еңбек етуге, медициналық көмек алуға және өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқығы бар. Сонымен қатар Конституция азаматтарға заңдарды құрметтеу, мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, табиғатты қорғау сияқты міндеттер жүктейді.

Конституцияның қоғам өміріндегі орны ерекше. Себебі заң үстемдігі сақталған жерде тұрақтылық пен тәртіп қалыптасады. Азаматтардың құқықтары қорғалып, әр адамның өз болашағын еркін жоспарлауына мүмкіндік беріледі. Мемлекеттік органдардың қызметі де Конституция мен заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Конституция күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін бағалайтын маңызды мереке. Бұл күн әр азаматқа өз құқықтары мен міндеттерін түсініп, заңды құрметтеудің маңызын еске салады. Ата Заңды құрметтеу – Отанды, ел бірлігін және болашақты құрметтеу.

Қорытындылай келе, Конституция – Қазақстанның тұрақты дамуының берік негізі. Заңды сақтау, құқықты құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті сезіну – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Ата Заңымызды ардақтап, оның қағидаларын күнделікті өмірде сақтау – жарқын болашаққа бастар жол.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы К.Б.Усембаева

ЦИРКУЛЯРЛЫҚ ЭКОНОМИКА: ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда әлем елдері экономикалық дамудың жаңа жолдарын іздестіруде....

Бизнесті құқықтық қорғау: әділ сот төрелігінің кепілі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сәйкес әр азаматтың, соның ішінде...

Әкімшілік істердегі медиация

Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі –...

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартудың негіздері

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу – еліміздегі кәсіпкерлік және қоғамдық...

Former French Ambassador Lectures at Narxoz University

At my invitation, French diplomat Mr Pierre Andrieu visited...