Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Тамызда қазақстандықтар Конституция күніне байланысты бір күн артық демалады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Конституция күні – Қазақстандағы басты мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күні еліміз 1995 жылы мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін айқындайтын негізгі заңның қабылданғанын тойлайды. Мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.

2025 жылы Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні қосымша демалыс болады. Осылайша, үш күндік демалысқа шығуға мүмкіндік туады. 2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр. «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, бұл жағдайда демалыс күні дүйсенбіге, яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Сонымен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін тамызда барлығы 10 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің кестесі мынадай:

  • 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек — демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер

Алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз, сенбі күні қосымша демалыс күнін пайдалана алады. Демалыс күндерінің кестесі:

  • 30 және 31 тамыз — демалыс күндері, 1 қыркүйек — жұмыс күні.

Алты күн жұмыс істейтіндер тамызда барлығы 6 күн демалады.

Тамыздағы мерекелік күндер

Конституция күнінен басқа, тамызда Қазақстан мына маңызды даталарды атап өтеді:

  • 3 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) — Көлік қызметкерлері күні;
  • 10 тамыз — Абай күні;
  • 10 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) — Құрылысшылар күні;
  • 18 тамыз — Шекарашылар күні;
  • 18 тамыз — Спорт күні;
  • 29 тамыз — Семей ядролық полигонының жабылу күні;
  • 31 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) — Шахтерлер күні.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.