Конституция – ел Тәуелсіздігі мен тұрақтылығының құқықтық негізі

Биыл барша қазақстандықтар үшін айрықша мәні бар тарихи кезең – Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бұл – Тәуелсіз еліміздің қалыптасуындағы бетбұрыс сәттердің бірі ғана емес, мемлекетіміздің іргетасын қалаған, қоғамдық қатынастардың негізін анықтаған, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының берік кепіліне айналған басты құқықтық құжаттың мерейтойы.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Ата Заңымыз – еліміздің демократиялық, құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде даму бағытын айқындаған маңызды шешім болды. Конституцияның қабылдануы жас мемлекетіміз үшін саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықтың берік негізін қалыптастырып, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін нығайтқан тарихи кезең ретінде тарихқа енді.

Ата Заң – тек құқықтық акт емес. Ол – ұлттың рухын, елдің арманын, болашаққа деген сенімін айқындайтын, халық пен билік арасындағы өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген тарихи келісім. Конституцияда айқындалған адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі, заңның үстемдігі, демократиялық басқару мен әлеуметтік әділеттілік сынды қағидаттар – еліміздегі тұрақтылықтың, қоғамдық келісімнің, өркендеу мен бейбіт тіршіліктің мызғымас негізіне айналды. Осы биік құндылықтарды күнделікті өмірде жүзеге асыру – мемлекеттік билік органдарының, соның ішінде әділет саласының басты парызы. Әділет органдары үшін заңдылықты сақтау ғана емес, әрбір азаматтың құқығын қорғау, құқықтық мәдениетті дамыту және әділеттіліктің салтанат құруына жол ашу – кәсіби міндет қана емес, абыройлы борыш. Біз өз жұмысымызда Ата Заңға адал бола отырып, елдің мүддесін, халықтың сенімін бәрінен биік қоямыз. Өйткені әділет қызметкері үшін ең үлкен жауапкершілік – Халыққа қызмет ету!

Аймина САРТОВА, Алматы облысы Әділет Департаментінің құқытық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...