Конституция – ел дамуының даңғыл жолын айқындайды

Биыл қазастан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық тілегімен арманы – еркіндік еді. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз – тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуының, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың берік іргетасы болды. Конституция – елді ортақ мақсатқа ұйыстыратын, болашаққа бағдар беретін құндылықтар жиынтығы. Сондықтан да оны халқымыз «елдіктің алтын арқауы» деп біледі. Конституция тоғыз тараудан, тоқсан тоғыз баптан тұрады. Ата заң – бұл жай ғана баптар мен тармақтар тізбегі емес, бұл әділдікті ту еткен қазақтың табиғатына, билер сөзіне, қара қылды қақ жарған шешендеріне тұғыр болған дала заңдарының жалғасы. Ата заң – бұл ел ішінің ынтымағын, бірлігін бекемдейтін киелі құндылық, елдің ертеңіне көз тіккен кемел құжат. Осы отыз жылда еліміз сан салада толайым табысқа жетіп, халықаралық аренада беделіміз биіктеп, айымыз оңынан туды. Бұл – тарихтың тезінен өткен, замана сынынан сүрінбей шыққан Конституцияның өміршеңдігі мен тұғырлылығының айғағы.

Әрбір мемлекеттің өркениетті дамуының, құқықтық жүйесінің берік болуының басты кепілі – Конституция. Қазақстан Республикасының Конституциясы – халықтың таңдауымен қабылданған ең қастерлі құжат, еліміздің негізгі заңы. Ол мемлекетіміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік құрылымын, билік тармақтарының қызметін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындап берді.

Бүгінде Қазақстан дамудың жаңа белесіне көтеріліп, демократиялық институттарды нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, әділетті қоғам құру жолында ауқымды реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл өзгерістердің барлығы Конституция нормаларына сүйеніп, заңдылық пен әділеттілікті басты қағида етеді.

Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес, ол – елдіктің айнасы, болашаққа бастар бағдаршам. Әрбір азамат өзінің құқығын, міндетін біліп, заңға құрметпен қараса, мемлекетіміздің де іргесі берік бола түспек.

Сондықтан Конституцияны қастерлеу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Ол – ел дамуының даңғыл жолын айқындайтын темірқазық, тәуелсіздігіміздің тірегі, бірлігіміздің берік кепілі.

Сахи Ғалым Болатбекұлы

Жалағаш аудандық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

В Алматинской области более 460 детей получили медицинскую помощь в рамках выездных осмотров

В рамках мероприятий, приуроченных ко Дню Республики Казахстан, специалисты...

Алматы облысында 460-тан астам балаға көшпелі медициналық көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы күніне орай Облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандары...

Сот қызметін ұйымдастыру – жауапты әрі маңызды міндет

Істің көзін тапқан, қисықтың тезін тапқан мамандар ғана халық...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің қоғам...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 

Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – маңызды...