Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт. Ол мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздерін айқындайды. Конституция еліміздің құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуының берік құқықтық іргетасы болып табылады.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияның қабылдануы елдің дамуының жаңа кезеңін бастап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталды.

Конституцияның нормалары мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының қызметіне бағыт береді және адам құқықтарын қорғаудың негізгі құқықтық тетіктерін белгілейді. Конституцияның талаптарын мүлтіксіз сақтау сот төрелігінің тиімділігін арттыруға және құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Конститциялық қағидаларды іс жүзінде толық жүзеге асыру ғана еліміздің тұрақты дамуы мен қоғамдағы әділеттіліктің нығаюына негіз болады.

Б.Ердәулет, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....