Конституция – әділеттің негізі, сот төрелігінің темірқазығы

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл. Бұл – ел дамуының, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуының маңызды кезеңі. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата Заң – еліміздің тәуелсіздігін бекітіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мемлекеттік билік тармақтарының, соның ішінде сот жүйесінің конституциялық негізін айқындады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес, сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, ал сот билігі тек Конституция мен заңдарға сүйенеді.

Бұл қағида Қызылорда қалалық сотының күнделікті қызметінің негізіне айналған.

Қалалық сот – азаматтық істер бойынша әділ шешім шығарып, Конституцияда бекітілген адам және азаматтың құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп отыр. Конституциялық нормалар – әрбір судья мен сот қызметкерінің кәсіби және адамгершілік бағдаршамы.

Құқықтық мемлекет – сот арқылы көрінеді

Конституцияның 13-бабында әрбір азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы екені жазылған. Бұл – құқықтық мемлекеттегі басты қағидалардың бірі. Қызылорда қалалық соты соңғы жылдары ашықтық, жариялылық, қолжетімділік бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

✅ Азаматтар электронды түрде талап қоюға, құжат тапсыруға, істің барысын онлайн бақылауға мүмкіндік алды.

✅ Медиация, татуласу рәсімдері және сотқа дейінгі реттеу жолдары кеңінен қолданыла бастады.

✅ Азаматтардың сотқа деген сенімі артып келеді – бұл сот жүйесінің сапалы қызметінің көрсеткіші.

📈 Конституциялық реформалар – сот жүйесінің жаңа кезеңі

Соңғы жылдары жүргізілген сот реформалары Ата Заң негізінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

 • Судьяларды іріктеу жүйесі күшейтілді;

 • Жаңа әкімшілік әділет институты енгізілді;

 • Сот процестерінің сапасы мен сот актілерінің орындалуына бақылау күшейді.

Бұл өзгерістер Қызылорда қалалық сотында да оң нәтиже беріп отыр. Сот төрелігі неғұрлым әділ, кәсіби және заманауи үлгіге сай жүргізілуде.

Конституция – елдің құқықтық қазығы, ал сот – сол қағидаларды іс жүзінде орындайтын билік тармағы. Қызылорда қалалық соты 30 жылдық Ата Заң тарихында өз үлесін қосып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында қызмет етіп келеді.

«Конституция үстем болса – әділет орнайды. Ал әділет бар жерде – қоғамда тұрақтылық пен сенім нығаяды.»

Қызылорда қалалық сот әкімшісінің 

жетекші маманы Әбдуәли Л.Р.

Ресми ортада қазақ тілінің қажеттілігі артуы тиіс

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап тіл мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес....

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің басты қағидаты

Тіл – әрбір халықтың ең асыл қазынасы, ұлттық болмысы...

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – ортақ міндет

Балалардың құқықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі....

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...