12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Конституциялық кеңес Тоқаевтың өтініші бойынша шешім қабылдады

Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Конституциялық Кеңес Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтініші бойынша шешім қабылдады», — делінген хабарламада. 

Конституциялық Кеңес Республика Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарағаны бұған дейін хабарланған.

Заң жобасы Конституцияда Республика Президентінің бір мәрте жеті жылдық өкілеттік мерзімін белгілеуді, сондай-ақ ел астанасының атауын өзгертуге байланысты Негізгі Заңның 2-бабына түзетулер енгізуді көздейді.

Конституциялық Кеңестің пікірінше, президенттік және парламенттік сайлау институты мемлекеттіліктің конституциялық моделінің барлық компоненттерін қозғайтын ерекше конституциялық құндылық. Сол себепті ол мемлекеттің маңызды органдарын жаңартудың тиімді құралы болып табылады. Осы арқылы Республиканың әлеуметтік негізі, халықтың мемлекеттік билік бастамаларын қолдауы нығайтылады.

Конституциялық Кеңес сайлау науқандары кезеңінде азаматтық қоғамның әртүрлі сегменттері жанданатынына назар аударды. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген барлық құндылықтар серпінді әрі үйлесімді іс-әрекет етуге тиіс.

Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, президенттік мандаттың бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеу ағымдағы жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда қабылданған мемлекеттік билікті монополизациялауға жол бермеуге бағытталған конституциялық новеллалардың мәніне сай келеді.

Қылмыстық істердің әскери соттарға соттылығы

Егемен еліміздің әскери соттары 1992 жылдан бастап жұмыс істейді....

Последний атаман казахского кино…

УШЕЛ ИЗ ЖИЗНИ АСАНАЛИ АШИМОВ. ВЕЛИКИЙ АКТЕР. НАША ГОРДОСТЬ....

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...