Коммерциялық емес ұйымдардағы құрылтайшылардың құрамын өзгерту және заңды тұлғаның басшысын ауыстыру

Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамын өзгерту, сондай-ақ заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің басшысын ауыстыру eGov.kz порталы арқылы хабарлама беру тәртібімен жүзеге асырылады.

Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген жағдайда, eGov.kz порталындағы тиісті қызмет арқылы электрондық хабарлама беру қажет. Ол үшін қажетті мәліметтер толтырылып, талап етілетін құжаттар қоса тіркеледі және хабарлама заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылады.

Басшы ауыстыру үшін хабарламаны жаңа басшы eGov.kz порталы арқылы өзінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып береді. Құрылтайшылардың санына байланысты өтініш құрылтайшымен немесе жалпы жиналыстың төрағасы мен хатшысымен келісілуі тиіс. Келісу рәсімі аяқталғаннан кейін жаңа басшы туралы мәліметтер автоматты түрде жаңартылады.

Жазбаша хабарламамен әділет органдарына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну талап етілмейді. Қызмет тегін көрсетіледі, хабарламаны қарау мерзімі — 1 жұмыс күні.

Ақмола облысының Әділет департаменті Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Т.Е. Әубакір

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...