Колонияларда жаңа өндірістік жұмыс орындарын ашу мақсатында, №12 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі қызметкерлері қарқынды жұмыстар жүргізуде.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде, «Мусин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері мекеменің өнеркәсіп аймағын келіп көрді. Кәсіпкер металдан жасалған бұйымдарды (балалар алаңдары, металдан жасалған спорттық мүкәммал және т. б.) өндіру жұмыстарымен айналысады.
ЖШС өкілі колонияда жаңа өнеркәсіп орнын ашып, сотталғандарға 30-ға жуық жаңа жұмыс орнын ұсынуды жоспарлауда.


