КОЛОНИЯДА ЖИҺАЗ ЖАСАУ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

Сотталғандарды жұмыспен қамту ешқашан күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Түзеу мекемелерінің аумағында шағын өндіріс орындарын ашу осы мәселенің түйінін шешуге айтарлықтай ықпал етуде. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№11 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесіндегі бос ғимараттардың бірінде ЖК «Azeris» жиһаз цехы салтанатты түрде ашылды.

Цехтың ашылу іс-шарасына Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы әділет подполковнигі Ерик Боранкулович Райымкулов, Атамекен кәсіпкерлер палатасының Бизнесті қорғау және әкімшілік тосқауылдарды төмендету бөлімінің басшысы Еркебулан Бейбитұлы Беймбет және мекеме бастығы әділет подполковнигі Мирас Андреевич Толубаев қатысты.

ЖК «Azeris» жиһаз жасап шығаратын цехы мекемеде жазасын өтеп жатқан 8 жасөспірімді ақылы жұмыспен қамтамасыз етуде.

Жазалы жасөспірімдер аталған цехта зор ынтамен жұмыс істеуде. Бір жағынан қазір сұранысқа ие жиһаз мамандығын игерсе, екінші жағынан табыс тауып, сотпен белгіленген шығындарын өтеуге және аз да болса ата-аналары мен бауырларына қаржылай көмек беруге мүмкіндік туғанына қуанышты.

Сонымен қатар, «Еңбек ете жүріп шеберліктерін шыңдайды. Еркіндікке шыққан соң кәсібі бойынша жұмысқа орналаса алады» — деді №11 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Низамова Толунай  Азатовна.   

                                                      №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...