Колониядағы соңғы қоңырау үні

Алматы қаласы, ҚАЖ Департаментінің №11 мекемесінде орналасқан №3 жалпы білім беретін орта мектепте, 2024-2025 оқу жылын биыл барлығы 66 оқушы аяқтады. Оның ішінде 41 бала қазақ бөлімінде 25 орыс бөлімінде оқыды. Жазалы балалар алдағы уақытта қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау ретінде аралық аттестаттауға қатысады. 8,10-сынып оқушылары сыныптан сыныпқа көшу емтихандарын, 9,11-сыныптар мемлекеттік емтихандар тапсырады. Сондай-ақ, 2024-25 оқу жылының аяқталуына орай «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты мерекелік шара өтті. Мектеп бітіруші түлектер мен ұстаздарға мекеме бастығы әділет полковнигі А.Сүлейменов құттықтау айтып сөз сөйледі. Оқушылардың ұстаздарға арнаған өлең жолдары, мектепке деген әсем әндері көкке әуелеп мерекелік шараның сәнін келтірді. Түлектердің жүздерінен мектепке деген қимастық, қоңыраудың соңғы үнінің енді қайталанбасын сезінген үлкен өмірге қадам басқан ойлы жанарлар байқалады. Ұстаздар да түлектерге сәт сапар тілеп, ақ тілектерін арнады.

                                                                 №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...