Колледждерде оқу мерзімі қысқарады

Қазақстанда колледжде оқу мерзімін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде заңнамалық деңгейде колледждерде оқу мерзімін белгілеу туралы норма алып тасталды. 9 сынып негізінде оқу мерзімін 3,6 жылдан екі жылға дейін және 11 сынып негізінде 2,6 жылдан 1,5 жылға дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Колледждер оқу мерзімін реттеп, өз өнімін сату мүмкіндігіне ие болады», — деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Аймағамбетов биыл 180 колледжді жаңғырту аяқталатынын айтты. Ол бойынша әрбір өңірде дамыған материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспары мен бағдарламасы бар кемінде жеті заманауи колледж жұмыс істейді.

Исследование КИОР: соцсети и телевидение остаются главными источниками информации для казахстанцев

Информационная среда Казахстана сохраняет многоканальный характер. Лидирующие позиции занимают...

Свыше 73% казахстанцев позитивно оценивают доступность детских садов – результаты соцопроса КИОР

Доступность школ, детских садов, учреждений культуры и спортивных объектов...

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендерінде мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелері...

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...